20.05.2009, 12:21 1211

Байқоңырға Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппараты жеткізілді

Байқоңырға Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппараты жеткізілді

Алматы. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппараты жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін сағат 08.50-те Байқоңыр ғарыш айлағының "Юбилейный" әуежайына Ан-124 "Руслан" ұшағы Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппаратын жеткізді.

Ғарыштық аппарат ғарыш айлағының №31 алаңының монтаж-сынақ корпусының камерасына тасымалданып, онда ол тексеріледі.

"Зенит-2SБ" ғарыштық аппаратын ДМ-SLБ үдеткіш блогымен және Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппаратымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының №45 алаңынан 2009 жылдың маусым айында ұшыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны