15.10.2008, 17:37 2545

Байқоңырға "Прогресс М-01М" жүк кемесі мен "Метеор-М" ғарыштық аппаратын ұшыруға арналған екі "Союз" зымыраны жеткізілді

Байқоңырға "Прогресс М-01М" жүк кемесі мен "Метеор-М" ғарыштық аппаратын ұшыруға арналған екі "Союз" зымыраны жеткізілді

Байқоңыр. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға "Прогресс М-01М" жүк кемесі мен "Метеор-М" ғарыштық аппаратын ұшыруға арналған екі "Союз" зымыраны жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Союз-У" зымыран тасығышы 2008 жылдың қараша айында Халықаралық ғарыш станциясына "Прогресс М-01М" жүк кемесін жеткізуге арналған.

Ал "Союз-2" зымыран тасығышы жер орбитасына Ресейдің "Метеор-М" метеорологиялық жер серігін шығаруға арналған.

"Союз-2" зымыран тасығышы "Метеор-М" метеорологиялық жер серігін алып 2009 жылдың басында ұшады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны