27.06.2008, 15:12 2683

Байқоңырға Ұлыбританияның Inmarsat 4F3 жер серігін ұшыратын "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңырға Ұлыбританияның Inmarsat 4F3 жер серігін ұшыратын "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңыр. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Ұлыбританияның Inmarsat 4F3 жер серігін ұшыратын "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Үдеткіш блок "Юбилейный" әуежайына ұшақпен жеткізілді. "Бриз-М" үдеткіш блогы мен қосалқы жабдықтары бар контейнерлер №92 алаңның могтаж-сынақ корпусына тасымалданады. Бұдан кейін "Бриз-М" үдеткіш блогын стендке орнатып, М. Хруничев атындағы орталық мамандары оны ұшырылымға дайындай бастайды.

"Бриз-М" үдеткіш блогы Ұлыбританияның Inmarsat 4F3 телекоммуникациялық жер серігін мақсатты геостационар мақсатты орбитаға шығаруға арналған. Жер серігі Ұлыбританияның ғаламдық мобильді спутниктік байланыс жүйесінің бір аса ірі халықаралық операторы Inmarsat-қа тиесілі.

Бұдан бұрын, 20 наурызда "Байқоңыр" ғарыш айлағына Inmarsat 4F3 жер серігін ұшыратын "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілген.

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышымен Inmarsat 4F3 жер серігшін ұшыру 2008 жылдың үшінші тоқсанына межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны