16.09.2011, 10:07 11319

Бортында үш ғарышкері бары "Союз ТМА-21" ғарыш кемесінің түсіру аппараты жерге ойдағыдай қонды

Жерге оралған ресейлік ғарышкерлер Андрей Борисенко мен Александр Самокутяев, сондай-ақ американдық астронавт Рональд Гаран 2011 жылғы 7 сәуірден бері Халықаралық ғарыш стансасында жұмыс істеді. 27-ші және 28-ші экипаждардың орбиталық вахтасы Халықаралық ғарыш стансысында 164 күнге созылды.

Алматы. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астана уақытымен 09 сағат 59 минутта Жезқазған қаласынан 149 шақырым жерге бортында үш ғарышкер бар "Союз ТМА-21" ғарыш кемесінің түсіру аппараты ойдағыдай қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауыша, жерге оралған ресейлік ғарышкерлер Андрей Борисенко мен Александр Самокутяев, сондай-ақ американдық астронавт Рональд Гаран 2011 жылғы 7 сәуірден бері Халықаралық ғарыш стансасында жұмыс істеді. 27-ші және 28-ші экипаждардың орбиталық вахтасы Халықаралық ғарыш стансысында 164 күнге созылды.

Осы кезде 27/28 ХҒС экипаждары ресейлік екі "Прогресс" жүк кемесін, "Союз-ТМА-02М" кемесін, көп дүркін қолданылатын американдық екі кемені қабылдады. Ресейлік және американдық ғарышкерлер мен астронавтар бір-бірден ашық ғарышқа шықты, ХҒС-тың ресейлік сегментінде елуге тарта ғылыми эксперименттер жүзеге асырылды.

Халықаралық ғарыш стансасында 28-экипаж жұмысты жалғастыруда: олар - командир, НАСА астронавты Майкл Фоссум, бортинженерлер - Ресейғарыш ғарышкері Сергей Волков пен Жапон ғарыш агенттігінің австронавты Сатоши Фурукава.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны