02.08.2013, 15:53 78239

Қазақстан Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңаламақ

Қазақстан Павлодар мұнай өңдеу зауытының өнімділігін ұлғайту үшін зауытты модернизациялау туралы Румынияның Rompetrol мұнай компаниясымен келісім-шартқа отырып, оған 1,07 миллион АҚШ долларын бөлді. Бұл туралы Hydrocarbon processing журналының ресми сайтында хабарланды.

Астана. 2-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңаламақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Павлодар мұнай өңдеу зауытының өнімділігін ұлғайту үшін зауытты модернизациялау туралы Румынияның Rompetrol мұнай компаниясымен келісім-шартқа отырып, оған 1,07 миллион АҚШ долларын бөлді. Бұл туралы Hydrocarbon processing журналының ресми сайтында хабарланды.

Журналдың ақпаратына қарағанда, зауыт өнімділігін арттыру жұмыстарынан соң жылына қазіргі 5 миллион тоннаның орнына 7 миллион тонна мұнай өндіретін болады.

Жөндеу жұмыстарын Rompetrol-дың Rominserv Valves Iaifo Zalau кәсіпорны атқарады. Модернизациялау жұмыстары 2018 жылы аяқталмақ.

1978 жылы салынған бұл кәсіпорын - Қазақстандағы ең үлкен мұнай өңдеу зауыты.

Зауыт пен Rompetrol компаниясына Қазақстан үкімет иелігіндегі "ҚазМұнайГаз" компаниясы бақылау жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны