16.01.2008, 14:42 1449

Қазақстан үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" үлгісіндегі зымырандарды ұшыруға 2008 жылдың бірінші тоқсанына ғана келісті

Қазақстан үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" үлгісіндегі зымырандарды ұшыруға 2008 жылдың бірінші тоқсанына ғана келісті

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" үлгісіндегі зымырандарды ұшыруға 2008 жылдың бірінші тоқсанына ғана келісті. Бұл туралы бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров хабарлады.

"Биылғы жылға бірінші тоқсанда ғана "Протондарды" ұшыру жайы келісілді", -деді В. Петров.

"Изірге біздің үкіметпен осынау зымыран тасығыштарды пайдалануды біртіндеп азайту бағдарламасының жобасын жасауды ескере отырып келісім жасалды", - деді ол.

Вице-министр сондай-ақ, "Протонды" алмастыратын "Бәйтерек" кешенінің жобасы мен жоғары улы болып табылмайтын отын компоненттері жасалып жатқанын" еске салды.

Бұған қоса В. Петров "келіссөздер барысында Ресей жағының 6 қыркүйекте "Протон-М" зымыран тасығышының құлауының залал-зардаптары мен медициналық мониторинг барысында анықталған зардап шегушілердің ауру-сырқауының себептері өзара байланыста болып шыққан жағдайда Ресей жағы оларды өз есебінен медициналық орталықтар мен ауруханаларда емдеу-сауықтыруды ұйымдастырады. Бұл ереже 2008 жылдың 8 қаңтарындағы бірлескен хаттамамен бекітіліп, оған қол қойылды".

Осы орайда еске салсақ, "Протон-М" зымыран тасығышы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Жезқазғаннан 40 шақырым жерге Байқоңырдан ұшырыла сала құлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны