25.09.2006, 14:16 3165

Қазақстанда жер серіктері тобын дамыту туралы тұжырымдама алты айдың ішінде үкіметке таныстырылады

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанда жер серіктері тобын дамыту туралы тұжырымдама алты айдың ішінде үкіметке таныстырылады. Бұл туралы бүгін республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі жөніндегі орталықтың вице-президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үкімет басшысы Қазақстанда жер серіктері тобын дамыту туралы тұжырымдама алты айдың ішінде жасап шығуға тапсырма берді",- деді Ғ.Мырзақұлов.

"Ирбір жер серігі 10-12 жыл қызмет етеді. Оларды алмастыру, алмастыратын жер серіктерін дайындаудың өзі дайындықты талап етеді. Ал дайындықтарды ерте бастау керек. Жаңа тұжырымдамада осы жұмыстар ескеріледі. Сонымен бірге осындай бағдарламалар ғарыштық жер серігі технологияларын дамытуға қажетті қаржыны алуға мүмкіндік береді",- деді Ғ.Мырзақұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны