15.05.2006, 12:45 2993

Қазақстанның "KazSat" жер серігін ұшыру мерзімі 18-маусымға шегірілді

АСТАНА. 15-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның тұңғыш "KazSat" жер серігін ұшыру мерзімі 18-маусымға шегірілді. Бұл туралы парламентте өткен үкіметтік сағаттан кейін ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жер серігі маусымның 8 мен 22 аралығында ұшуға тиіс болатын. Сөйтіп ол 18-маусымда ұшырылатын болды",- деді А.Жұмағалиев. Бұған дейін жер серігі 8-маусымда ұшырылады деп межеленген-тұғын.

Қазір 92А50 алаңдағы домалатушы стендте орнатылған ғарыштық аппараттың электр желілері мен жүйелері тексерілуде. Жұмыс кестесіне сәйкес, электр сынақтары 13 күнге созылады. Ғарыш айлағының мамандары ғарыштық аппаратпен бірге оны кеңістікке шығаратын "Протон-К" зымыран тасығышы мен ДМ-3 үдеткіш блогын сынақтардан өткізуде.

Сонымен бірге ДМ-3 үдеткіш блогына жанармай құю және ұшыру кешенін алдағы ұшырылымға дайындау жұмыстары басталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны