02.02.2010, 15:27 5877

Қазғарыш Ресей мен Украина бірлескен "Халықаралық ғарыштық қызметтер" компаниясынан үлес сатып алмақ ниетте

Қазғарыш Ресей мен Украина бірлескен "Халықаралық ғарыштық қызметтер" компаниясынан үлес сатып алмақ ниетте

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазғарыш" Ресей мен Украина бірлескен "Халықаралық ғарыштық қызметтер" компаниясынан үлес сатып алмақ ниетте. Бұл туралы ҚР "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан "Жер үстіндегі старт" атты халықаралық коммерциялық жобаға қатысу үшін бірінші қадам ретінде Ресей мен Украина бірлескен "Халықаралық ғарыштық қызметтер" компаниясынан үлес сатып алмақ ниетте. Бұл Қазақстанға зымыран тасығыштардың ұшырылымындағы технологиялық операцияларға қатысуға мүмкіндік береді",- деді Т.Мұсабаев.

Оның түсіндіруінше, "Қазақстанның "Жер үстіндегі старт" жобасының аясында "Зенит" зымыран тасығышын коммерциялық тұрғыда пайдалануға атсалысу проблемасын шешу үшін шамамен 100 млн доллар қажет, ол сатып алатын компаниядағы үлестің төлеміне, "Зенит" зымыран тасығышын модернизациялауға және компанияның айналымдағы қаражатын толықтыру үшін несие беруге қажет".

"Қазғарыш" басшысының айтуынша, бұған қоса "Ресей өзінің ғарыш айлақтарына кетуге, ал Франция компаниялары "Халықаралық ғарыштық қызметтер" компаниясынан үлес сатып алуға талпыныстар жасап отырған жағдайда Қазақстан "Зенит" зымыран тасығышын коммерциялық тұрғыда пайдалануға атсалысу мәселесін тез арада шешуге тиіс".

"Халықаралық ғарыштық қызметтер" компаниясы - Ресей мен Украина бірлескен компания. Ол "Жер үстіндегі старт" жобасының аясында Байқоңыр ғарыш айлағынан "Зенит-2SLБ" және "Зенит-3SLБ" зымыран тасығыштарының көмегімен орбитаға азаматтық жер серіктерін шығару негізінде коммерциялық ұшырылым қызметтерін көрсетеді.

"Халықаралық ғарыштық қызметтер" компаниясы 1999 жылы құрылған және ол Мәскеуде орналасқан. Оның құрылтайшылары : ФГУП "КБТМ" (Ресей, 1999 жылдан), ГКБ "Южное" (Украина, 1999 жылдан), ГП ПО "ЮМЗ" (Украина, 1999 жылдан), ФГУП "ЦЭНКИ" (Ресей , 2002 жылдан), ОАО "РКК "Энергия" (Ресей, 2004 жылдан), ОАО "УГМК" (Ресей, 2005 жылдан бері). Компанияның қызметін РФ Федералдық ғарыш агенттігі үйлестіреді.

Компанияның негізгі қызмет бағыттары - ұшырылымға тапсырыс берушілермен шарт жасасу, ғарыштық аппараттарды интеграциялау, ғарыштық аппараттарды ұшырылымға дайындау және ұшыру қызметі, зымыран тасығыштардың материалдық бөліктерін жеткізу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны