17.06.2008, 10:35 1347

"ҚазСат-1" жер серігіне қандай да бір ықпал етудің көптеген әрекеттері еш нәтиже әкелмеді - Мұсабаев

"ҚазСат-1" жер серігіне қандай да бір ықпал етудің көптеген әрекеттері еш нәтиже әкелмеді - Мұсабаев

Алматы. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазСат-1" жер серігін қалыптасқан жағдайдан шығарудың көптеген әрекеттері еш нәтиже әкелмеді. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 8 маусымда Астана уақытымен 9.00-де "ҚазСат-1" жер серігінің хабар таратуы борттағы сандық есептеу жүйесінің істен шығуы салдарынан үзілген болатын.

Т. Мұсабаев атап көрсеткендей, 8 маусымда жер серігі Ақкөл қаласындағы "ҚазСат-1" ғарыш аппаратының ұшуын басқаратын Ұшуды басқару орталығының бұйрықтарын қабылдауды қойған.

"Болжам жөнінде айтар болсақ, ол мынадай: жер серігін қалыптасқан жағдайдан шығарудың көптеген әрекеттері ешқандай да нәтиже әкелмеді. Жер серігі Сколководағы да, Ақкөлдегі де басқару орталықтарының ешқандай кодты бұйрықтарын қабыл алмайды. Мұнда адамның қатысы жоқ", - деді ол.

Т. Мұсабаевтың айтуынша, егер жер серігін қайта жандырудың мүмкіндігі тумаса, ол жоғалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны