02.02.2010, 13:01 4940

KazSat-2 ағымдағы жылдың желтоқсан айында ұшырылады деп жоспарланған - Қазғарыш

KazSat-2 ағымдағы жылдың желтоқсан айында ұшырылады деп жоспарланған - Қазғарыш

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - KazSat-2 ағымдағы жылдың желтоқсан айында ұшырылады деп жоспарланған. Бұл туралы ҚР "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Биыл жұмыстар аяқталады, жаңадан жасалып жатқан KazSat-2 ағымдағы жылдың желтоқсан айында ұшырылады деп жоспарланған ", - деді Т. Мұсабаев.

"Біз KazSat-1 жер серігімен болған оқиғаның қайталанбауы үшін жаңадан жасалып жатқан KazSat-2 -нің басқару жүйесін модернизациялауға, сипаттамаларын жақсартуға және сенімділігін күшейтуге шаралар қолдандық, 2006 жылы қол қойылған келісімге өзгерістер енгізілді", - деді ол.

"Қазғарыш" басшысының хабарлауынша, "бұйрық аспаптары батысеуропалық өнім өндірушілердің аспабына алмастырылды. Сондай-ақ, келісімнің тиісті бөлігіне аппаратты жасаушы тарапынан оның сапасына кепілдік беру, сондай-ақ, жер серігі ұшырылғаннан кейін және оны пайдалануға бергеннен кейін сақтандыру жағдайы туындағанда оны жасаушының жүктейтін жауапкершілігіне қатысты толықтырулар енгізілді".

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, "қазір KazSat-3 жер серігін жасап ұшыруға бағытталған жұмыстар басталды, KazSat-3 байланыс жер серігін жасап ұшыру жобасының техника-экономикалық және қаржылық- экономикалық негіздемелері жасалды, және оны жасаудың техникалық тапсырмаса дайындалды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны