27.04.2006, 17:29 3316

"KazSat" жер серігін Байқоңырға жеткізу мерзімі 28-сәуірге шегерілді

БАЙҚОҢЫР. 27-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның телекоммуникациялық "KazSat" жер серігін Байқоңырға жеткізу мерзімі 28-сәуірге шегерілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұшақ ғарыш айлағына бүгін ұшып келеді деп күтілген -тұғын. Бірақ бұл мерзім, алдын-ала ақпарат бойынша, ертеңге шегерілді",- деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Ғарыш аппараты тиелген контейнерлер Мәскеу түбінен ұшақпен жеткізілуге тиіс. Онда жер серігі сынақ-зерттеулерден өткізілді. Ғарыш айлағына жеткізілген соң жер серігі монтаж-сынақ кешенінің 92А50 алаңында орнатылады. Жер серігін жасап шығарған ресейлік зауыттың мамандары аппаратты ол жерде ұшырылым алдындағы дайындықтан өткізеді.

Ал жұма күні "Протон-К" зымыран тасығыштың блоктары тиелген вагондар ғарыш айлағына келеді деп күтілуде. Блоктар 92-1 санды алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, құрастырылып, зымыранның жүйелері тексеріледі. Ал "Протон-К" зымыран тасығышының бірінші сатысының блоктары 19-сәуірде ғарыш айлағына жеткізілді.

"KazSat" жер серігін ұшыру мерзімі 8-маусымға межеленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны