31.05.2007, 18:02 6954

Маусымда Байқоңыр ғарыш айлағынан екі ұшырылым жоспарланған

БАЙҚОҢЫР. 31 - мамыр. Kazakhstan Today. Маусымда Байқоңыр ғарыш айлағынан екі ұшырылым жоспарланған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Байқоңыр" Федеральдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта ғарыш айлағында маусымда жоспарланған үш ұшырылымның екеуіне дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Баспасөз қызметінен еске сала кеткендей, "Днепр" зымыран тасығышын "TerraSAR-X" ғарыш аппаратымен ұшыру маусымның ортасына жоспарланған, алдын ала белгіленген ұшыру уақыты - 15 маусым. Бұрындары "TerraSAR-X" спутнигін "Днепр" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2007 жылдың наурызына жоспарланған болатын, бірақ ол үстіміздегі жылдың маусымына ауыстырылды.

"TerraSAR-X" спутнигін Германияның әуеғарыш орталығы (DLR) мен "EADS Astrium GmbH" компаниясы шығарған. "Ғарыш аппараты 514 шақырым биіктіктегі синхронды полярлық орбитада 97,44 градусқа еңкейтіле орнатылады. "TerraSAR-X аппаратының орбитадағы жұмыс мерзімі" шамамен 5 жылға жоспарлануда. Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жер серігі жаңаша радармен жабдықталған, ол жер бетінің интерферометрлік суретін түсіруге және Жерге қашықтан тиімді зонд жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ғарыш айлағынан "теңіздегі ұшырылым" бағдарламасы бойынша ұшырылады. 2006 жылдың қыркүйегінен бастап 42-ші алаңның жөндеу-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары "Зенит-2М" зымыран тасымалдағашын "Космос" сериялы ресейлік спутнигімен ұшыруға дайындау жұмыстарын жүргізген.

"Зениттің бұл ұшырылымы Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Даладағы ұшырылым" бағдарламасы бойынша жуықта жаңартылған ұшыру кешенінде алғаш рет жүргізіледі",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Мамандардың түсіндіруінше, "бұрындары "Зенит" зымыран тасымалдағышы "Теңіздегі ұшырылым" халықаралық бағдарламасы бойынша Тынық мұхитындағы қалқымалы морской платформасынан ұшырылып жүргендіктен, бағдарлама осындай атқа ие болған". "Енді Байқоңыр ғарыш айлағында жерден ұшыруды пайдалануға қайта оралуға шешім қабылданды",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Зенит-2М" зымыран тасымалдағашын "Космос" ғарыш аппаратымен 45 алаңнан ұшыру екі рет 2006 жылдың желтоқсанына және 2007 жылдың қаңтарына ауыстырылған. Зенит-2М" зымыран тасымалдағашын "Космос" ғарыш аппаратымен ұшыру уақыты әзірше нақты анықталған жоқ, ұшырылым маусымның аяғына жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны