31.05.2006, 14:07 7124

Мемлекет басшысы Қазақстанның тұңғыш жер серігін ұшыру экономикалық тұрғыда тиімді деп санайды

АҚКӨЛ. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Қазақстанның тұңғыш «KazSat» жер серігін ұшыру экономикалық тұрғыда тиімді деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Қазақстанның тұңғыш жер серігін ұшыру мен оны еліміз бен көршілес елдердің мүддесі үшін пайдалану экономикалық тұрғыда тиімді”,- деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «KazSat» ғарыштық аппараттарын басқаратын жер үсті кешенін аралап шыққаннан кейін.

“Қазақстанның тұңғыш жер серігін жасау үшін қыруар іс тындырылды. РФ президентімен келісімнің арқасында біз мақтан тұтуға тұрарлық ауқымды жұмыстарды атқарып шықтық. Осы Ақкөлде Қазақстанның жер серігін басқару бөлімшесі салынды. Жер серігі 18-маусымда ұшырылады. Бұл елңіміз тарихындағы тағы бір маңызды сәт болмақ”,- деді президент.

Сонымен бірге қазақстандық мамандарды дайындау туралы уағдаластыққа қол жетіп, “елімізде ғарыш ғылымын дамыту жөніндегі 2020-жылға дейінгі стратегиялық бағдарлама жасалатын болды”. “Бұл – ғылыми-техникалық жетістіктердің биік шыңы. Біздің ресурстарымыз ғарыш проблемасына тікелей назар аударып, оны игеруге атсалысатын елге айналуға мүмкіндік береді”,- деді президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны