24.10.2007, 17:52 2910

"Протон-К" зымыран тасығышының Байқоңырдан ұшырылатын алдын-ала мерзімі бір тәулікке кейінге шегерілді

"Протон-К" зымыран тасығышының Байқоңырдан ұшырылатын алдын-ала мерзімі бір тәулікке кейінге шегерілді.

Байқоңыр. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Протон-К" зымыран тасығышының Байқоңырдан ұшырылатын алдын-ала мерзімі бір тәулікке кейінге шегерілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Мәлім болғанындай, ұшырылымның 25 қазанан 26 қазанға резервтік уақытқа кейінгі шегерілуіне Қазақстан жағының 25 қазанда Республика күнін тойлауға байланысты ұшырылымды кейінге шегере тұру жөніндегі өтініші себеп болған. "Бұған қоса, ұшырылымның кейінге шегерілуіне "Протон" зымыран тасығышын 22 қазанда "ұшырылым үстеліне" шығарған кезде ұшырылым кешенінің тетіктерінде шыққан ақау да себеп болған жоқ", деп хабарлайды ақпарат көзі.

Қазіргі уақытта "Протон-К" зымыран тасығышы мен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігі ұшырылым кешеніне тікесінен орнатылған, зымыран тасығышқа қызмет көрсету фермалары жеткізіліп, М.Хруничев атындағы орталық мамандары зымыран тасығыш пен ұшырылым кешенінің жүйелерін ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес тексеруге кірісті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Протон-К" зымыран тасығышы мен үш бірдей "Глонасс-М" жер серіктері бастапқыда 25 қазанда Астана уақытымен 13 сағат 39 минутта ұшырылады деп межеленген болатын. Қазақстан Протон үлгісіндегі зымыран тасығыштарды Байқоңырдан ұшыруға салынған тыйымды алуға байланысты ұшырылымның нақты уақыты кешікпей белгіленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны