17.09.2007, 09:46 1597

"Протонның" екінші сатысы құлаған жерде зымыранның сынықтарын жинау және топырақты залалсыздандыру шаралары жалғасуда

"Протонның" екінші сатысы құлаған жерде зымыранның сынықтарын жинау және топырақты залалсыздандыру шаралары жалғасуда.

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін"- "ПротонМ" зымыран тасығышының екінші сатысы құлаған жерде зымыранның сынықтарын жинау және топырақты залалсыздандыру шаралары жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

""Инфракос-Экос" мемлекеттік кәсіпорнының мамандары "Бриз-М" үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде залалсыздандыру шаралары жүргізілетін аумақта қайталап алынған 29 сынаманың он жетісінің қорытындысы шығарылып, 9 сынамада гептилдің шектеулі мүмкін концентрациясы артық болып шыққан", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Министрлік ақпаратына сәйкес, бұл ауданда залалсыздандыру шараларын қайталап өткізуге шешім қабылданды. Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, "зымыран сынықтары құлаған 119 жерде түгелдей сынықтар жиналып, ауданды ұсақ сынықтардан тазарту жұмыстары жалғасуда".

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің мәліметінше, халық пен малдардың ахуалына мониторинг жүргізу жұмыстары одан әрі жалғасуда, ауру белгілері анықталған жоқ.

Сондай-ақ, министрліктің хабарлауынша, 16 қыркүйекте 16 сағатта үкіметтік комиссиялардың біріккен штабының жұмыс кеңесі өткізіліп, оның барысында қорытындыс есепке қол қойылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырылған ұшырылым сәтсіздікке ұшырауға байланысты "Протон-М" зымыран тасығышы Қарағанды облысының Ұлытау ауданына, Жезқазғаннан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерге құлаған. Апат болған сәттен бері ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, Ұлттық аэроғарыш агенттігі мен Реесй жағы өкілдерінің құрамындағы іздестіру тобы зымыран тасығыш құлаған болуы мүмкін жерлерді он мәрте айнала ұшып қайтты. Ұшу аумағы жалпы алғанда 3500 шақырымға жетті. 1743 шаршы шақырым аумақ тексерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны