03.06.2008, 19:05 2894

Ресей мен АҚШ ірі ғарыштық жобалар бойынша ынтымақтастық жайын талқылады

Ресей мен АҚШ ірі ғарыштық жобалар бойынша ынтымақтастық жайын талқылады

Алматы. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" -Ресей мен АҚШ келешекте ірі ғарыштық жобаларды бірлесе жүзеге асыра алады, олардың арасындағы ең маңыздысы - Айда база құру мен Жерді астероидтерден қорғауды қамтамасыз ету жобалары болмақ. Осы және өзге де мәселелер АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасының мүшесі Дан Рорабахер мен С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық кешенінің жетекшісі Виталий Лопотаның кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмос пен С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық кешенінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар "Союз" ғарыш кемелеріндегі ұшулардың қауіпсіздігі, Халықаралық ғарыш станциясын пайдалану, Ресей мен АҚШ-тың ғарыш іс-қызметі саласындағы ынтымақтастығының келешегі жайлы талқылады.

АҚШ конгрессмені Д. Рорабахердің айтуынша, Ресейдің пилотты "Союз" ғарыш кемелеріне сенімділігі мен ұшу қауіпсіздігі тұрғысынан жеке басы шүбә келтірмейді және алаңдамайды. Ол екі алып мемлекеттің ірі ғарыштық жобалар бойынша ынтымақтастығы тиімді дегенге сенеді, ал келешекте Марсқа пилотты ұшырылымдар жасау келешек ұрпаққа Айға жасайтын ұшулардан гөрі артық пайда әкелуі мүмкін.

Кездесуге С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық кешенінің басшылығы мен жетекші мамандары, сондай-ақ, НАСА-ның Мәскеудегі өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны