01.08.2006, 16:11 2793

РС-20 үлгісіндегі зымырандарды пайдалану автоматты түрде тоқтатылды

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. РС-20 үлгісіндегі зымырандарды пайдалану автоматты түрде тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Республика үкіметінің қаулысымен Қызылорда облысында РС-20 "Днепр" зымыранының құлауынан келген залал-зардапты анықтау жөніндегі комиссия төрағасы, білім және ғылым министрінің орынбасары Азамат Ибдімомынов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Байқоңыр ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру барысында апат шыққан жағдайдағы ықпалдастық тәртіптері туралы Ресей және Қазақстан үкіметтері арасындағы 1995-жылғы келісімнің 5-бабы күшіне енді. Онда апатқа ұшыраған апараттар түріне жататын зымырандарды ұшыруды оқиға себептері анықталғанға дейін тоқтата тұру қарастырылған",- деді А.Ибдімомынов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, РС-20- конверсиялық зымыранға жатады. "Роскосмостың" ақпаратына сәйкес "пайдаланудан шығарыла бастаған құрлықаралық РС-20 баллистикалық зымырандарын ұшырудағы басты мақсат - оларды пайдалы жаратуға саяды. Сонымен бірге қосымша жүктерді де кеңістікке шығаруға мүмкіндігі бар".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны