05.04.2007, 11:44 3343

"Союз-ФГ" зымыран-тасығышы пилотты ұшырылымға дайындау үшін Байқоңырдың ұшырылым кешеніне шығарылды

БАЙҚОҢЫР. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы "Союз ТМА-10" ғарыш кемесін пилотты ұшырылымға дайындау үшін Байқоңырдың №1 ұшырылым кешеніне шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін 6 сағат 30 минутта "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы №112 алаңның монтаж-сынақ корпусынан темір жол платформасымен ұшырылым кешеніне шығарылып, №1 алаңның ұшыру "үстеліне" тік күйінде орнатылды",- деп хабарлайды орталық.

Ғарыш айлағының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес жұмысқа кірісті. Қазір олар жер үсті және борт жабдықтарын түйістіруде. Түйістіру жұмыстарынан кейін зымыран тасығыш пен ғарыш кемесінің жүйелері тексеріле бастайды.

"Союз-ФГ" зымыран-тасығышын ұшырылым кешеніне шығару жөніндегі шешім кеше пилотты ұшырылымға дайындық жұмыстары жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды. Ұшырылымға дейінгі екі күнде ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелеріне ақырғы тексерулер жүргізеді.

Ал осы уақытта Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15-ші негізгі экспедицияның экипажына енетін ресейлік ғарышкерлер Федор Юрчихин мен Олег Котов, АҚШ-тың ғарыштық турисі Чарльз Симони, сондай-ақ, қосалқы ғарышкерлер Роман Романенко мен Михаил Корниенко ұшырылым алдындағы ақырғы жаттығулардан өтуде.

6-сәуір, жұмада мемлекеттік комиссияның отырысында Халықаралық ғарыш станциясына баратын негізгі экспедицияның экипажы айқындалады.

"Союз-ФГ" зымыран-тасығышы 7-сәуірде Астана уақытымен 23 сағат 31 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны