21.12.2007, 17:18 2834

"Союз-У" зымыраны мен "Прогресс М-62" жүк кораблі ұшырылым кешеніне орнатылды

"Союз-У" зымыраны мен "Прогресс М-62" жүк кораблі ұшырылым кешеніне орнатылды

Байқоңыр. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Союз-У" зымыраны мен "Прогресс М-62" жүк кораблі ұшырылым кешеніне орнатылды, деп хабарладйы агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертеңгі сағат 7.00-де "Союз-У" зымыран тасығышы темір жол платформасымен №112 алаңның монтаж-сынақ корпусынан ұшырылым кешеніне жеткізіліп, №1 алаңның ұшырылым "үстеліне" тік күйнде орнатылды.

"Союз-У" зымыран тасығышын ұшырылым "үстеліне" орнату туралы шешімді кеше, 20 желтоқсанда пилотты ұшырылымға дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Ғарыш айлағының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісіп, жер үсті кешенін зымыранмен түйістіруде. Түйістіру жұмыстарынан кейін зымыран тасығыш пен ғарыш аппаратының жүйелері тексеріле бастайды. Ұшырылымға дейінгі екі тәулік ішінде ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыш жүйелерін түпкілікті тексеруден өткізеді.

"Союз-У" зымыраны мен "Прогресс М-62" жүк кораблі №1 алаңнан 23 желтоқсанда Астана уақытымен 13 сағат 13 минутта (Мәскеу уақытымен 10.13) ұшырылады деп межеленген.

"Прогресс М-62" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 1261 кг пайдалы жүк жеткізуге тиіс. Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелері үшін жаңа жылдық сыйлықтар дайындалса, 22 желтоқсанда туған күнін тойлайтын Юрий Маленченко үшін жеке сый-сияпат, сондай-ақ, жаңажылдық дәмді-тәттіліктер әзірленген. Сонымен бірге, ғарыштық жүк кораблі жабдықтар мен батареялар, азық-түлік пен оттегі қорын, Халықаралық ғарыш станциясының орбитасын ұстап тұруға арналған отын, шығындық жүктер мен ғылыми жабдықтарды жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны