18.06.2008, 17:48 2903

Жаңа "Ангара" зымыранының техникалық сынақтары шілде айында басталады

Жаңа "Ангара" зымыранының техникалық сынақтары шілде айында басталады

Байқоңыр. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа "Ангара" зымыранының техникалық сынақтары шілде айында басталады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Роскосмостың" баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Ұшу сынақтарын өткізу жоспарына сәйкес, 2011 жылы бір модулі бар жеңіл классты "Ангара" зымыраны, ал 2011 жылдың соңына таман "Ангара-5" ауыр классты зымыран тасығышы ұшырылуға тиіс.

Ұшу сынақтары басталғанға дейін әртүрлі класстағы экологиялық таза "Ангара" тасығыштары үшін бірыңғайланған жүйе жасалуы керек.

"Ангара" зымыран тасығышын ұшыру кешені "Плесецк" ғарыш айлағында жасалуда. Онда "Ангараның" негізгі ұшу сынақтары өтеді. Сондай-ақ, 2004 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған "Ангара" зымыран тасығышын пайдалана отырып, Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру туралы келесім" аясында Байқоңыр ғарыш айлағында да ұшыру кешені салынуда.

Бұл келісім "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Ангара" зымыран тасығышының үшу және техникалық кешендерді салуды қарастырады. "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру "Ангара" зымыран тасығышының әлеуеттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны