05.11.2019, 15:08 2655

Ірі сауда желілеріне абонентке тіркеусіз сим-карталарды таратқаны үшін айыппұл салынды

Телекоммуникациялар комитеті елімізде 42 млн. сим-карта сатылғанын анықтады. Егер оларды ел халқының жалпы санына бөлсе, әрқайсысына 2-3 абоненттік нөмірден келеді. Бірақ, іс жүзінде бәрі басқаша.

Нұр-Сұлтан. 5 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті абонентке тіркеусіз сим-картаны таратқан ұялы операторлардың кейбірдилерлеріне қатысты тексеруді аяқтады. Нәтижесінде, 4 сауда нүктесіне, соның ішінде "Технодом" және "Мечта" электроника дүкендеріне айыппұл салынды.

Жоспардан тыс тексерулер Министрліктің Телекоммуникацияларкомитетіне қазақстандықтардан келіп түскен шағымдар негізінде жүргізілді. Тексерулер нәтижесінде сим-карталардың операторға немесе дилерге алдын ала тіркеліп таратылғаны анықталды. Сондай-ақ, азаматтарға сим-карталарды өз атына тіркеу ұсынылмаған.

Телекоммуникациялар комитеті елімізде 42 млн. сим-карта сатылғанын анықтады. Егер оларды ел халқының жалпы санына бөлсе, әрқайсысына 2-3 абоненттік нөмірден келеді. Бірақ, іс жүзінде бәрі басқаша.

"Жақында іске қосылғанарнайы сервис арқылы азаматтар бірнеше мың нөмірдің иесі екенін анықтауда.Әрине, бұл азаматтар сол нөмірлерарқылы кімнің, қайда және не үшін қоңырау шалғанынан хабарсыз. Сол себепті, байланыс операторына хабарласып, белгісіз нөмірлерді бұғаттайды.Ал, бұғатталған сим-картаны пайдаланушылар байланыссыз қалады. Сондықтан да біз қазақстандықтардың құқықтарын қорғау үшін осындай тексерулер жүргізу қажет деп есептейміз", - деді Комитет төрағасы Виталий Ярошенко.

Сонымен қатар, министрлік өкілі бұл мәселеде азаматтардың да жауапкершілік танытуы маңызды екенін атап өтті.

"Абоненттік нөмірді сатып алған кезде азаматтар шарт жасауды талап етуі, өз мүдделерін қорғауы тиіс. Өйткені дилерлер көбінесе өз әрекеттерінің заңсыз екенін біледі және азаматтардың аңғалдығын пайдаланады. Сондықтан, сим-картаны сатып алу барысында тіркеуді ұсынбаса өзіңіз талап етіңіз", - дейді Ярошенко.

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы "заңсыз" сим-карталар нарығын жою жөніндегі жұмыстардың жалғасатынын айтты.

2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталғанын естеріңізге салып өтеміз. Қазіргі уақытта барлық ұялы телефондар SIM-карта иелерінің ЖСН-на тіркелген. 2018 жылдың ішінде абоненттер өз ЖСНын SMS хабарламамен жіберу арқылы тіркемеген телефондар жұмыс істеп тұрған сим-картаға автоматты түрде (2019 жылғы 1 қаңтарда) тіркелген болатын, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны