24.07.2020, 17:27 8737

Нұр-сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өз қызметін лицензиясыз жүзеге асырған дәріханалар анықталды

Қызылорда облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2 орынбасарына қатысты 17,4 млн теңгенің өкпені жасанды желдету стационарлық аппараттарын сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аппараттар "СК-Фармация" ұсынған бағадан 3 есе жоғары бағаға сатып алынған.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan Today - Антикор азаматтық қоғам қатарынан 80 мың белсендімен өзара іс-қимыл жасайды.

А. ж. 24 шілдесінде өткен онлайн-брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы азаматтық қоғам қатарынан Агенттік серіктестерінің саны 80 мың адамды құрайтынын хабарлады. Бұл небәрі 1300 ғана қызметкері бар Агенттіктің жалпы санынан 60 есеге көп.

Өткен жылдың соңында қабылданған заңнамалық өзгерістерге сәйкес білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы кешенді шаралардың көмегімен парасаттылық идеологиясын қалыптастыру сұрақтарында жетекшілік ету функциясы Агенттіктің құзырына берілген.

Ғанижан Асанұлы өз сөзінде қоғам мүшелерінен жасақталатын арнайы мониторингтік топтардың, ақпараттық-ағарту штабтарының және "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің маңыздылығын атап өтті.

"Ақпараттық-ағарту штабының белсенділері танымал әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік шыдамдылық қалыптастыру тақырыбында 380 мыңдай адаммен қаралған 1000-нан аса тікелей эфир өткізді", - деді Ғ. Асанұлы.

Пандемия жағдайында АМТ мүшелері блок-бекеттер мен қоғамдық маңызды нысандарға мониторинг ұйымдастырды, мемлекеттік гранттарды тағайындау үшін сұраныстарды қарау барысындағы комиссияның жұмысы мен ҰБТ тапсыру кезінде сыртқы бақылауға белсенді қатысты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, "Адалдық алаңы" жобалық кеңселері, арнайы мониторингтік топтар, сондай-ақ азаматтық белсенділерінен құрылған жұмыс топтары 2500-ден астам дәріханаларға, 200 медициналық бұйымдар қоймаларына, 250 аурухана мен емханаларға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық анықталды.

Ең көп таралған бұзушылықтардың қатарында: бағаны көтеру, дәрі-дәрмектерді мамандандырылған үй-жайлар мен дәріханалардан тыс сату, лицензиясыз дәріханалардың жұмыс істеуі.

Анықтама ретінде:

Елордалық дәріханаларда "Амлодимед" және ЦЕФ-3 препаратының бағасы үштен бірге қымбат бағада сатылған.

Қарағанды, Ақмола, Жамбыл және Павлодар облыстарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды азық-түлік базарларында және азық-түлік дүкендерінде қайта сату фактілері анықталды.

Нұр-сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өз қызметін лицензиясыз жүзеге асырған дәріханалар анықталды.

Қостанай облысында облыстық аурухананың лауазымды тұлғасына қатысты өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарын 35%-ға жоғары бағамен жеткізуге шарт жасасу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Нақты бағасы 520 мың теңге болған жағдайда сатып алу 702 мың теңге жоспарланған (шығын Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қорытындысымен расталған).

Қызылорда облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2 орынбасарына қатысты 17,4 млн теңгенің өкпені жасанды желдету стационарлық аппараттарын сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аппараттар "СК-Фармация" ұсынған бағадан 3 есе жоғары бағаға сатып алынған.

Жасанды тапшылыққа жағдай жасаған жеке жеткізушілердің қоймаларында сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің ірі партияларының кешіктірілу фактілері анықталды.

Мәселен, Қарағанды облысында қоймаларда сатылмаған дәрі-дәрмектердің (парацетамол, аспирин) 600 мың қаптамасы анықталды. Мониторинг қорытындысымен олар жедел дәріханаларға жеткізілді.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық органдарына материалдар жіберілді.

Есепті кезеңде ӘКБК-нің 424 (заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет, айыппұл - 70 АЕК) және 426 (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы ережелерді бұзу, айыппұл - 70 АЕК) баптары бойынша 65 әкімшілік хаттама тотырылды.

Бұдан басқа, Алматы қаласы мен Алматы облысында 10 млн астам медициналық масканы заңсыз жүзеге асырудың жолы кесілді. Нәтижесінде олар жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Келіп түсетін медициналық препараттар мен бұйымдарды жымқыру және қайта сатуға жол бермеу мақсатында Сovid-19-ға қарсы күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті бөлу процесі жұртшылықты тарта отырып бақылауға алынды.

Гуманитарлық көмекті сүйемелдеу барысында Агенттік қызметкерлері денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық мекемелердің қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қаптамаларда "Гуманитарлық көмек - тегін" мөрі қойылып, бұл тауарды одан әрі мақсатсыз пайдалану тәуекелін төмендетеді.

Қазіргі уақытта Катар, ҚХР, БАӘ-дан келген гуманитарлық көмек сүйемелденді.

Ресей, Өзбекстан, ДДҰ, Түркия және Германиядан келген гуманитарлық көмек тасымалдау кезеңінде тұр.

Чехиядан Алматы қаласына келген гуманитарлық көмек бөлу сатысында.

Агенттікпен "СҚ-Фармация" ЖШС-не пандемиясына қарсы күрес кезеңінде келген гуманитарлық көмекті әрбір өңірге дейін бөлуді ескере отырып, тізбелер мен көлемдерді қоса алғанда, барлық ақпарат туралы ашық түрде орналастыруды ұсынды. Бұл ақпарат "СК-Фармация" ЖШС сайтында орналастырылған.

Агенттік 4 мың адамның мәселелерін шешуге көмектесті.

Барлық өңірлер мен орталық мемлекеттік органдарда құрылған "Адалдық алаңы" жобалық кеңселері сервистік жұмыс моделіне көшіру арқылы мемлекеттік органдарды трансформациялауды жүргізуде.

Жалпы бұл жоба қоғам ішіндегі тұрмыстық жемқорлықты түбегейлі жоюға бағытталған.

Қазіргі сәтте ел бойынша әр түрлі деңгейдегі 280 сервистік әкімдік ашылып, 1500 мемлекеттік мекеме ашық кеңістік пен кедергісіз фронт-кеңселер жасақтаған, мемлекеттік органдар мен мекемелердің 5000 басшысы азаматтармен жедел қарым-қатынас орнату үшін бірінші қабатқа жұмыс бөлмелерін ауыстырды.

Мұндай жұмыс үлгісі ең алдымен әкімшілік кедергілерді болдырмай, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасай отырып жедел қызмет көрсетуге бағытталған.

Мысалы, Талдықорған мен Петропавл қалаларының сервистік әкімдіктері карантин жағдайында жабық болған Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ауыстырып, азаматтарға өз мәселелерін шешуге және қауіпсіз жағдайда мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндік берді.

Агенттіктің департаменттері де өз есіктерін азаматтар үшін айқара ашты.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" саясатын жүзеге асыру аясында 16 сервистік Антикор-орталықтары салынып, азаматтарды кедергісіз қабылдау әрі құқықтық және консультациялық көмек беру жұмыстарына кірісіп кетті.

Агенттік мемлекеттік мекемелерді, үкіметтік емес ұйымдарды, белсенді азаматтарды, кәсіпкерлердің сұрақтарын талқылау әрі шешу үшін Антикор-орталықтардың алаңын барынша пайдалануға шақырады.

"Адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыру барысындағы маңызды жетістіктер мен нәтижелерге жету көбіне азаматтардың мәселесін шешуде өңірлердегі әкімдердің жеке араласуы мен мүдделілігіне байланысты екендігін атап өткен жөн.

Өңірлердегі жобалық кеңселердің жетекшілерінің қойылған міндеттерді бірігіп оңтайлы жүзеге асыру мақсатында әкімдердің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалуы осыған мысал бола алады.

Әкімдердің жеке қызығушылығы мен Агенттіктің күш-жігерінің бірігуі өз мәселесімен келген азаматтардың төрттен үш бөлігінің сұрағын шешіп берді, бұл шамамен 4 мың адам деген сөз.

Антикор қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекше форматын пайдалануда.

Былтыр Агенттік бастамасымен парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге және терең білімнің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы бастау алды.

Карантин жағдайында бұл акция алғаш рет бейне-дәріс пен онлайн сабақ түрінде "Balapan" және "EL ARNA" телеарналарында өтіп, еліміздің білім мекемелеріндегі 760 мыңнан астам оқушылар мен студенттерді қамтыды.

Сонымен қатар, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube каналына жүктеліп, жергілікті департаменттер мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерінде көрсетілді.

Қазіргі таңда "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" және "Әл-Фараби және қайырымды қоғам" тақырыптарында бейне-дәрістер өтті.

Бұл бейнематералдар игі істер жасауға үндей отырып, дұрыс іс-әрекет үлгісі мен оң көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.

Бүгінде республикалық және жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде көрсетілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы әлеуметтік бейнероликтер бойынша көп пікірлер түсіп жатыр.

Мысалы, соңғы екі бейнеролик әр әрекеттің балаларымыздың болашағы үшін салдарын ойлау қажеттілігін көздей отырып, қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған.

Тағы бір бастама - бірқатар қалалардың орталық көшелерінде адалдыққа, ақшаға сатылмауға және әділеттілікке шақыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жарты жыл ішінде 135 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді

Парасаттылықтың ауқымды мәдениетін қалыптастырумен қатар Агенттіктің басымдықтары тиімді алдын-алу жұмыстары болып табылады.

Негізгі алдын-алу құралдары - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылады.

Жарты жыл ішінде 135 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді.

121 мемлекеттік органның және квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметіне сыртқы талдау ұйымдастырылды.

Олардың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын жою, бизнес-үдерістерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, заңнаманы жетілдіру бойынша 1100-ден астам ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді.

Олардың төрттен бірі іске асырылды.

24 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізілді, 200-ге жуық ұйымдастыру-практикалық шаралар қабылданды.

Мысалы, нәресте өлімі мәселесіне қатысты ұсыныстар бойынша: өлі туу жағдайлары медициналық мекемелердің клиникалық қызметін бағалау көрсеткіштеріне енгізілді, ал ресми статистикаға түзетулер енгізілді.

ІІМ медициналық қылмыстық құқықбұзушылықтарды тергеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді және ІІО-ның барлық аумақтық бөлімшелеріне жіберілді.

Орта білім беру жүйесінде орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау ережесі өзгертілді.

Агенттіктің бастамасы бойынша әкімдіктердің геопорталдарды енгізуін жеделдету үшін жол картасы әзірленді, бұл жер қатынастарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының" қызметін талдау нәтижелері бойынша Мемлекет басшысының атына хат жолданды.

Қазірдің өзінде көзделген кезеңдердің жартысын қысқартумен конкурстық рәсімдер түбегейлі қайта қаралды.

Агенттік бірінші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін 1000-ға жуық ұсыныс енгізді

Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабының тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін ұсыныстар енгізеді.

Заң шекарасынан өткен адамға жазаны сот белгілейді. Алайда, сол органда немесе мекемеде қайталанған құқықбұзушылық тәуекелдері қалады.

Осы жылдың бірінші жартысында әр түрлі мемлекеттік органдар мен мекемелерге шамамен 1000-ға жуық ұсыныс жіберілді.

Бестен бір бөлігі ішкі істер органдарына жіберілген. Одан кейінгі кезекте - әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер.

Қаралған ұсыныстардың нәтижесі бойынша 477 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Олардың төрттен бірі жұмыстан босатылды.

Атқарып отырған лауазымына толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескертілгендер (59), және лауазымынан төмендетілгендер бар (8).

Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (қатаң сөгіс - 117, сөгіс - 127, ескерту - 34).

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да (6) бар.

Жазаланғандардың арасында 206-сы - басшы тұлғалар. Оның ішінде әрбір бесінші қызметінен айырылды (жұмыстан шығарылды - 6, қызметінен босатылды - 38).

Сонымен қатар, Агенттік өткен жылдың соңында қабылданған басшылардың отставкаға кетуі және бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігі туралы заңнамалық норманың орындалуына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Бүгінде бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін 3 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға кету туралы өтініш берді.

Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі ауылдық округ әкіміне қатысты үкім шыққаннан кейін, прокуратура наразылығын қарау бойынша сот шешімін күтпестен, отставкаға беріп (Әлімқұлов, ҚР ҚК 361-бабы 1-бөлігі, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру арқылы 505 мың теңге сомасында айыппұл) өз еркімен қызметінен босатылды.

БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі отставкаға кетті, оның бағынышты - аудандық білім бөлімінің басшысы 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады (Сапаров, ҚР ҚПК 367-бабының 2-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі, 2-бөлігі, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойы және 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды).

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімі - қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлық құқыбұзушылығы үшін отставкаға берген (Кунедилова, ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі, белгілі бір лауазымдарда қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 12 млн теңге сомасында айыппұл). Оның отставкасы қабылданған жоқ, ол сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінде сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы кезеңінде бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қылмыстық істер бар. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда отставкаға саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын 16 басшы беруі тиіс.

Олар республикалық деңгейдегі 3 басшы, 3 - облыстық, 3 - қалалық және 7 - аудандық деңгейде.

Бұдан басқа, 45 әкімшілік мемлекеттік қызметші бағынышты адамдарды соттаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Жақында Қостанай облысы Рудный қаласы аппаратының басшысы Қашар кентінің әкіміне қатысты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың тергелуіне байланысты өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері 12,5 млрд теңге көлемінде негізсіз шығындардың алдын алды

Ағымдағы жылдың қаңтарында қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізудің жаңа ережелеріне сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу кіреді (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу ережелерінің 18-тармағы, ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 4-бабы).

Агенттіктің қызметкерлері "Атамекен" ҰКП-ның "Бірыңғай сатып алу терезесі" жүйесі арқылы 6,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алды.

Аталған фактілер мемлекеттік сатып алу әкімшілеріне олар келіскен жоғары сомаларды азайту туралы ұсынымдармен жеткізілді.

Негізгі мақсат - сатып алу жоспарының тармақтарын адекватты бағаға қайта қарау.

"Сапалы жол" жобасы жүзеге асыру сәтінен бастап Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлескен жұмыстың арқасында жолдарды жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы сараптау қорытындысы бойынша 12,5 млрд.теңге сомада тиімсіз шығындардың алдын алды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жалпы құны 488 млн теңге болатын сапасыз жолдардың қабылдауға жол берілмеді.

Темір жол тасымалы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету бағытында "Адал жол" жобасы ҚТЖ-ның темір жол билеттерін сатып алу мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жеңілдікпен билеттерді онлайн сату ұялы қосымшасын іске қосуға бастамашылық жасады.

Сондай-ақ темір жол тасымалдары 100% қалпына келтгеннен кейін билетсіз жүретін жолаушыларға қатысты мәселені шешуге мүмкіндік беретін - тұлғаларды Face ID зияткерлік жүйесі арқылы тексеруді енгізу жоспарлануда.

"Protecting business and investments" жобасы аясында "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп Агенттік ел бойынша 510 бизнес-жобаны қолдайды (жалпы сомасы 12 трлн теңгеден астам инвестиция).

Агенттіктің қызметкерлері аталған компаниялар тап болатын кедергілерді жоюға көмектесіп қана қоймай, тиісті мемлекеттік органдармен олқылықтарды пысықтап жатыр. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 21 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке, ал тәртіптік жазаға 61 мемлекеттік қызметкер тартылды, олардың ішінде басшылар мен әр түрлі санаттағы әкімдер бар.

Жыл басынан бері қылмыстық-құқықтық шаралар аясында лауазымды тұлғалардың бизнесті жүргізуге заңсыз араласуының 190 фактісі анықталып, 205 кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.

Мұндай жұмыс сыртқы зерттеулердің нәтижелеріне де әсер етеді. Осы айда халықаралық менеджментті дамыту институтының әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы (IMD, Швейцария) жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелерін жариялады.

Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша Қазақстан екінші жыл қатарынан өз жағдайын жақсартуда (бағаланатын 63 мемлекеттің ішінде ел екі жыл ішінде 39-дан 27-орынға көтерілді).

Тұтастай алғанда, басқа агенттіктердің, соның ішінде Дүниежүзілік банктің Кәсіпорындарды зерттеу, Transparency International халықаралық ұйымының Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа мониторинг және PRS-тің елдегі қауіп-қатерді бағалау жөніндегі зерттеулері де бизнестің сыбайлас жемқорлық деңгейінің біртіндеп төмендегенін көрсетті.

"Адал комек" жобасы аясында 11 мыңға жуық азамат өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндірмелер алды

Қазіргі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бірқатар жаңа интерактивті онлайн жобаларды бастады.

Құқықтық сауаттылықты көтеру мен ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған азаматтар мәселелерінің шешілуін көздейтін "Adal k?mek" волонтерлік жобасы ерекше назар аудартады.

Жылдың басынан 11 мыңға жуық азамат мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.

Мемлекет басшысы жоба жетекшісі Айман Омарованы "Халық алғысы" медалімен марапаттауы - осы жобаның уақытылы және нәтижелі екендігінің айғағы.

Сондай-ақ, Агенттіктің жұмысымен халықты үздіксіз ақпараттандыруды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңашылдықтарды түсіндіру үшін танымал әлеуметтік желілерде 1 800 тікелей эфир өткізген "Antikor.LIVE" жобасы да бар.

Сыбайлас жемқорлық саясатының түрлі қырларын түсіндіру жұмыстарына мемлекеттік органдар басшыларынан, әр саланың мамандары мен қоғам белсенділерінен тұратын 1,5 мың сыртқы сарапшы-спикерлер тартылды.

Аталған жобалар әлеуметтік оқшаулану жағдайында азаматтарды қабылдаулардың дәстүрлі үлгісін алмастырып, еш шектеулерсіз Агенттікпен байланысқа шығып, өз сұрақтарын шешуге мүмкіндік берді.

Әр апта сайын Агенттіктің жұмысы көрсетілетін "Antikor News" арнайы жаңалықтар топтамасы шығып тұрады.

Аталған мерзімде 6 интернет-конференция, 19 онлайн-брифинг және 48 онлайн-интервью ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны