06.08.2020, 22:34 29087

Инфекцияның ең қауіпті көзі - бұл симптомы білінбейтін тасымалдаушылар

Инфекцияның ең қауіпті көзі - бұл симптомы білінбейтін тасымалдаушылар

Алматы. 6 тамыз. Kazakhstan Today - Вирусология профессоры: Инфекцияның ең қауіпті көзі - бұл симптомы білінбейтін тасымалдаушылар. Маска тағу- вирустың таралуын тоқтатады

Бұл туралы ҚМҮББУ микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры Раушан Тиесова-Бердалина, өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-сұхбат барысында мәлімдеді.

Сұхбат барысында спикер жеңіл дәрежедегі ауруды ауыр түрінен қалай ажыратуға болады және қандай белгілер бойынша медициналық көмекке жүгіну керек деген сұраққа жауап берді.

"Бүгінде жеңіл және ауыр түрдегі аурудың айырмашылығы айқын. Әдетте ауру адамның интоксикация күйін бастан кешіруден басталады. Бұл - әлсіздік, нашар ұйқы, тәбеттің нашарлығы. Бұл симптомдар аурудың жеңіл түрінде елеусіз болуы мүмкін. Бұл белгілердің күшеюі және дене қызуының 38 градусқа дейін жоғарылауы- процестің шиеленісіп жатқанын және аурудың асқынғандығын көрсетеді", - деді маман.

Оның айтуынша, бұдан басқа, ЖРВИ белгілері артқан, яғни тыныс алу жолдарында: мұрынның ісінуі, орофаринс, құрғақ жөтел, терлеу секілді белгілері байқалып жатыр. Сондай-ақ, кеудеде ауырсыну, қозғалу кезінде ентігу пайда болуы мүмкін. Мұның бәрі жағдайдың нашарлап бара жатқандығын көрсетеді.

"Дене қызуының 38 градустан асуы, тыныс алудың қиындауы, тәбет жоғалуы, тыныс алу синдромдарының жоғарылауы, мұның бәрі тез арада ауруханаға, медициналық көмекке жүгіну қажет екендігін білдіреді. Ауру белгілері жеңіл болса, сіз дәрігерден онлайн режимінде кеңес ала аласыз ", - деп толықтырды спикер.

Адамдар ауырған кезде, бұрыннан бойында бар қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек-тамыр аурулары секілді аурулары күшейе түседі. Ковид-19 және тыныс алу жолдарының аурулары, науқастың жағдайын ауырлата түсуіне себепкер болады, өйткені бұл аурудың өзі- өте ауыр болып есептеледі. Адамның жалпы жағдайының нашарлай бастауы- медициналық көмекке жүгінуді қажет екендігін көрсетеді.

"Инфекцияның ең қауіпті көзі - бұл симптомы білінбейтін тасымалдаушылар. Оларда аурудың көрінісі жоқ, бірақ олар қоршаған ортаға вирусты шығарады. Симптомы білінбеуінің негізгі себебі- иммундық жүйеде, адамдарда болатын созылмалы ауруларда болуы мүмкін.

Халықтың медициналық көмекке жүгіну деңгейі 14% құрайды, сәйкесінше науқастардың 85% -ы медициналық қызмет алудан тыс қалуы мүмкін", - деді профессор.

Симптомы білінбейтін тасымалдаушыларды тек зертханалық зерттеулер арқылы, яғни бактериологиялық дақылдар арқылы анықтауға болады. Тиісінше, тасымалдау- аурудың ең қауіпті кезеңі болып табылады. Бұл коронавирустық инфекцияға, әсіресе тыныс алу жолдарының ауруларына тән. Орташа алғанда, ауру жұқтырғандардың 60-80% -ы жеңіл түрде ауырып шығады. Сондықтан, қабылданған барлық шаралар, статистикалық мәліметтерге сәйкес, нақты және тиімді болып табылады.

"Егер біздің тұрғындар уақтылы медициналық тексерістен өтіп, тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын анықтап отырса дұрыс болар еді. Өйткені олар көбінесе инфекцияны тасымалдаушы және көбеюіне себепкер болып жатады", - деп толықтырды спикер. "Маска тағу - инфекцияның таралу жолына кедергі келтіретін шараның бірі".

"Маска - коронавирустың жоғары тыныс алу жолдарына түсуіне кедергі" - Алматы вирусологтары

Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн сұхбат барысында Қазақстандық медициналық үздіксіз белім беру медициналық университетінің микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры,медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Раушан Тьесова-Бердалина қала тұрғындарын маска режимін сақтауға шақырды.

"Микроб ағзадан ол шектелетін жерде шығады. Коронавирус - бұл тыныс жолдарының инфекциясы, қоздырушы ауыз қуысы мен мұрын қуысында болады. Сөйлесу кезінде, түшкіргенде, жөтелгенде қоздырушы ауаға шығады. Сол себепті сол себепті әсіресе қоғамдық көлікте маска тағу адам түшкіргенде және жөтелгенде, ауаның ауыз бен мұрынға кірмеуі үшін маска жақсы қорғаныс болып табылады", - деді Раушан Тьесова-Бердалина.

Сонымен бірге, ол масканың тиімділігі үшін оны дұрыс тағу керектігін де айтты.

"Масканы да дұрыс тағу керек. Ол мұрын мен ауызды тығыз жауып тұруы тиіс. Жартылай түсірілген маскалар аксессуар ретінде емес, қорғаныш құралы ретінде қолдануы керек", - деп толықтырды инфекционист. Ол бірреттік маскаларды спирт және басқа да антисептикалық құралдармен өңдеу арқылы көп рет қолдануға болмайтынын айтты. Маскадан шығатын спирт буын жұту мұрынның шырышты қабығына зиян тигізеді. Бірнеше қабаттан тұратын көп реттік матадан тігілген маскалар бар. Негізінен олар 4-6 қабаттан тұрады. Оларды жууға, үтіктеуге және қайтадан таға беруге болады.

Сұхбат барысында Раушан Тьесова-Бердалина қорғаныш мақсатында ғимараттарда, кеңселерде маска тағып, желдетіп отыру керектігін еске салды.

"Осыған дейін айтқанымдай вирус 20-30 минут өмір сүреді. Егер желдету, дымқыл тазалық режимі бұзылған болса, вирус 20-30 минуттың ішінде бүкіл ұжымға жұғуы мүмкін. Немесе осы көлік құралындағы барлық жолаушыларға жұғуы мүмкін", - деп толықтырды Раушан Тьесова-Бердалина.

Одан бөлек, дәрігер маскаларды дұрыс жоюға кеңес береді. Беттен алып, іш жағына қарай орап, оны целлофан қапшыққа салып, қоқыс контейнеріне тастауға қажет. Осылайша инфекцияның таралуын азайтуға болады.

Маска режимін бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылғанын еске саламыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны