07.02.2022, 16:46 21211

Қазақстанда балалардың хал-ахуал индексі бекітілді

Балалардың хал-ахуал индексі балалардың хал-ахуалын және әртүрлі салаларда балаларға жағдай жасауға бағытталған ұлттық саясаттың тиімділік дәрежесін бағалау мақсатында әзірленді.
Қазақстанда балалардың хал-ахуал индексі бекітілді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 7 АҚПАН - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы өкімімен елімізде балалардың хал-ахуал индексі бекітілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, балалардың хал-ахуал индексі балалардың хал-ахуалын және әртүрлі салаларда балаларға жағдай жасауға бағытталған ұлттық саясаттың тиімділік дәрежесін бағалау мақсатында әзірленді. 
 

Индексті енгізу балалар мен ата-аналардың/заңды өкілдердің пікірін ескере отырып, өңірлер бойынша әртүрлі салаларда балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардың тиімді іске асуына кедергі келтіретін факторларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді", - делінген өкімде.

 
Осы өкімге қосымшаға сәйкес, индекс негізгі 4 бағыттан тұрады: "Бала", "Отбасы және қоғам", "Мемлекеттік саясат", "Елдің әл-ауқаты". 
 
Индекс орнықты даму саласындағы "Ешкімді шетте қалдырмау" қағидатын ескере отырып әзірленді.
 

Қажетті деректер орталық мемлекеттік органдардың (ОМО) және жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО), сондай-ақ халықаралық және отандық зерттеу құрылымдарының ашық дереккөздерінен қалыптастырылатын болады. Сауалнама деректері балалар (ата-анасының рұқсатымен) мен ата-аналарға сауалнама жүргізу арқылы қалыптасады", - делінген құжатта.

 
Осы индексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
 
1) бағыттарды есептеу – бағыттарға кіретін құрамдауыштардың немесе статистикалық/сауалнамалық деректердің арифметикалық орташа мәнін анықтау арқылы жүргізілетін есептеу;
 
2) балаларға арналған бюджет – республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерден балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған, балаларға арналған бюджет шығыстары;
 
3) балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған бюджет шығыстары – бұл балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша тікелей және жанама шығыстардың жиынтығы;
 
4) баланың хал-ахуалы – баланың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы біліммен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздікпен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсерінен қалыптасқан жағдайы;
 
5) деректерді нормаға айналдыру – деректердің бастапқы (туынды) мәндерін нормалық (орташа) мәнге айналдыру;
 
6) жанама шығыстар – балаларды қолдауға және дамытуға тікелей және біржақты бағытталмаған, бірақ халықтың барлық жас санаттарын, оның ішінде балаларды қамтитын нақты шығыстар (мысалы, балалар бөлімшесі бар аурухананы ұстау (жалпы шығыстардағы үлесі); оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (игілік алушылардың кең ауқымы) және т. б.);
 
7) статистикалық/сауалнамалық деректер – балалардың әртүрлі салалардағы, оның ішінде өңірлер бойынша жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер;
 
8) қорытынды индексті есептеу – барлық бағыттардың арифметикалық орташа мәнін анықтау жолымен жүргізілетін есептеу;
 
9) құрамдауыш – балалардың белгілі бір саладағы жағдайын сипаттайтын статистикалық/сауалнамалық деректер жиынтығы;
 
10) мониторинг – балалардың игілігі саласындағы ұлттық саясаттың тиімділігі туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, сақтауды және таратуды ұйымдастыру нысаны;
 
11) тікелей шығыстар – кәмелетке толғанға дейін балаларды қолдауға және дамытуға тікелей және біржақты бағытталған нақты шығыстар (мысалы, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, балалар кітапханаларының, балаларға арналған спорт мектептері мен секцияларының, оқушылар сарайларының жұмыс істеуіне, балалардың қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз етуге, балалар ауруханаларына және т.б. арналған шығындар).
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР-да балалардың хал-ахуал индексін енгізу жоспары 2021 жылдың маусым айында белгілі болды. Индекс әр баланың қауіпсіздігін, денсаулығын, білімін, материалдық әл-ауқатын және әлеуметтенуін қамтиды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны