01.09.2019, 18:43 39746

Қызылордада "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының 30 жылдығы аталып өтті

Қызылордадағы Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде "Невада-Семей" қозғалысына 30 жыл және Семей полигонының жабылуына 28 жыл толуына орай конференция өтті.

Қызылорда. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылордадағы Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде "Невада-Семей" қозғалысына 30 жыл және Семей полигонының жабылуына 28 жыл толуына орай конференция өтті.

Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, Қызылорда облысы бойынша "Невада-Семей" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш, "Невада-Семей" қозғалысы қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының атқарушы директоры Рахымжан Мантенов қатысты.

"Егеменді ел болғалы 28 жыл уақыт болды. Ел тыныштығын ойлаған қазақ зиялылары "Невада - Семей" ядролық полигонын жабуда аянбай еңбек етті. Бүгін де осы еңбектің арқасында "Невада - Семей" ядролық полигонының жабылғанына 28 жыл толуы халықтың маңдайына берген бір сый болар. Бүгінгі таңда, солбір күндердің куәгерлері арамызда жүр. Осы азаматтардың мүддесін қорғаушы болып табылатын қоғамдық бірлестіктер облыстың әлеуметтік-саяси өміріне белсене араласып келеді",-дейді Талғат Маханов.

Басқосуда бірқатар азаматтар мерейлі мерекеге арналған алғыс хаттар мен құттықтауларға ие болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны