17.04.2012, 15:17 4034

"100 аурухана" бағдарламасы 2017 жылға қарай аяқталады

Бүгін Үкімет отырысында сөз алған денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова "100 мектеп және 100 аурухана" бағдарламасының аясында елімізде 103 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 99 жергілікті маңыздағы нысан және 4 республикалық маңыздағы нысан бар, деп мәлім етті.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - "100 аурухана" бағдарламасы 2017 жылға қарай аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында сөз алған денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова "100 мектеп және 100 аурухана" бағдарламасының аясында елімізде 103 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 99 жергілікті маңыздағы нысан және 4 республикалық маңыздағы нысан бар, деп мәлім етті.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2012 жылдың 15 сәуіріндегі жағдай бойынша, республика бойынша жалпы сомасы 148,8 млрд. теңгеге 59 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. Оның ішінде, 2008 жылы - 6 нысан, 2009 жылы - 11 нысан, 2010 жылы - 30 нысан, 2011 жылы - 11 нысан, ал биыл жылдың басынан бері - 1 нысан іске қосылды.

Қазіргі таңда 13 облыста 40 нысанның құрылысы жалғасуда. Ал Атырау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласындағы құрылыстар толық аяқталған.

"Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында өткен Үкімет отырысында Елбасы жүктеген тапсырма бойынша министрлік құрылысы әлі басталмаған нысандардың тізбесін қайта қарап шықты. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының жанынан ашылуы тиіс 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысын бағдарламадан алып тастауды ұсынып отырмыз, себебі жоғары оқу орнының бағыты өзгерді", - деп хабарлады министр С.Қайырбекова.

Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, "100 аурухана" бағдарламасын 2017 жылы аяқтау жоспарлануда. Осыған орай, бағдарламаны аяқтауға әлі шамамен 210 млрд. теңге қаржы керек, оның ішінде 160 млрд. теңге - республикалық бюджеттен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны