26.06.2019, 23:34 9358

Арыста 125 сапер қала көшелерінде, теміржол бойында және әскери бөлімге іргелес аумақта тазалауды жүзеге асыруда

Арыс қаласының 16 көшесінен жарылмаған 70-тен астам снаряд табылған.

Нұр-Сұлтан. 26 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың қатысуымен Арыс қаласындағы оқиға бойынша брифинг өтті.

Қорғаныс министрлігінің күшімен Арыс қаласының аумағы бойынша қоршау жұмыстары ұйымдастырылды (ҚР ҚК жекеқұрамының 800 адамы, 50-ден астамәскери техника қолданылды).

Оның ішінде 125 сапер қала көшелерінде, теміржол бойында және әскери бөлімге іргелес аумақта тазалауды жүзеге асыруда. Өзге әріптестері жеке құрамды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге және қала мен әскери қалашықтың аумағын қоршауға қатысуда.

Ауада ұшқышсыз үш аппарат ұшырылып, өрт ошақтарын бақылауда. Бүгінгі күні 3 от орны анықталды. Десек те ірі жарылыс орын алмады. Дегенмен, тұрақты қауіпті жағдай сақталуда.

Қалада және іргелес аумақта радиациялық көрініс қалыпты жағдайда.

Жарылмаған снарядтардың тұрғын үйлерге түсуі мина жою жұмысын күрделендіре түсуде. Мұндай үй-жайларға саперлерді жіберу прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы билік органдары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады.

Арыс қаласының 16 көшесінен жарылмаған 70-тен астам снаряд табылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны