31.08.2020, 13:35 8445

Алматы әкімдігі қаланың 132 орнында Интернет сапасы мен жылдамдығын жақсартты

"Интернет желісіне қолжетімділікті қажет ететін 22 мыңнан астам оқушы үшін SIM-карталар сатып алынады. Бұл күндері SIM-карталар мен роутерлер беріліп жатыр", - деді Л.Жылқыбаева.

Алматы. 31 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігі қаланың 132 орнында Интернет сапасы мен жылдамдығын жақсартты.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы білім Басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, Алматы қаласы цифрландыру Басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтып берді.

Алматы қаласы цифрландыру Басқармасы мен аудандық әкімдіктер берген мәліметтер бойынша, қалада интернет пен ұялы байланыстың өткізгіштігі төмен 46 орын бар. Бұл өз кезегінде қашықтан оқыту сапасына теріс әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты шаралар қабылданды.

"Интернет желісіне қолжетімділікті қажет ететін 22 мыңнан астам оқушы үшін SIM-карталар сатып алынады. Бұл күндері SIM-карталар мен роутерлер беріліп жатыр", - деді Л.Жылқыбаева.

Сонымен қатар, Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ мұғалімдерге санитарлық шараларды сақтап, мектеп қабырғасында онлайн сабақтар өткізуге мүмкіндік беріледі.

Өз кезегінде Б.Қоңырбаев цифрландыру Басқармасы наурыз айынан бастап қаланың барлық аудандарын интернетке қосылу мүмкіндігімен қамту мәселесін пысықтап жатқанын айтты. Техникалық диагностикалау арқылы қосымша 169-дан астам орын анықталды.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін қалада байланысты жақсарту үшін базалық станциялары бар қосымша 25 орын орнатылады.

"Біз қала тұрғындарының үндеуіне көп көңіл бөлдік. Қала тұрғындары байланыстың әлсіз арналарын көрсетті, біз шұғыл арада сол жерге барып, анықтап, мобильді операторлармен оқшауладық. Адамдар көп жиналатын аймақтарды жабу, қашықтан оқыту ғана емес, жалпы трафик те оқумен қатар айналды. Ол да біз бастапқыда түзеткен нормалар мен ережелерге сәйкес келуі керек еді. Сондықтан, 1 маусымда бізде 169 нүкте болды. Оның 132-сі бойынша мәселені шештік. Шешілген 132 мәселенің қырықтан астамы инфрақұрылымдық желі салу есебінен шешілді", - деп атап өтті Б. Қоңырбаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны