12.10.2017, 16:54 4885

"13 километр" деректі фильмі Ресейден жүлделі оралды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "13 километр" деректі фильмі Екатеринбург қаласында қазанныӊ 1-і мен 5-сі аралығында өткен ХХVІІІ "Ресей" деректі кино фестивалінде қазылар алқасыныӊ арнайы жүлдесіне ие болды.

Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "13 километр" деректі фильмі Екатеринбург қаласында қазанныӊ 1-і мен 5-сі аралығында өткен ХХVІІІ "Ресей" деректі кино фестивалінде қазылар алқасыныӊ арнайы жүлдесіне ие болды. Фильмніӊ режиссері - Владимир Тюлькин.

Аталған деректі фильм Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Фильмніӊ кейіпкері өзініӊ шыдамдылығы мен табандылығыныӊ арқасында үлкен шаруа қожалығыныӊ иесі болып отыр.

Биыл "Ресей" деректі кино фестиваліне қатысуға 10 елден 280 тапсырыс келіп түскен екен. Нәтижесінде негізгі байқауға Ресей, Қазақстан, Эстония және басқа да елдерден 31 фильмдер іріктелген. Бұл байқауға деректі киноныӊ шеберлері - Иван Твердовский, Владимир Тюлькин, Андрей Осипов, Татьяна Скабард, Сергей Головецкий, Сергей Дебижев, Борис Караджев және дебютант режиссерлар қатысты.

Қазылар алқасы қатарында Ресейдіӊ танымал өнер қайраткерлері болды, олар: Ленин сыйлығыныӊ иегері, РФ еӊбек сіӊірген өнер қайраткері, режиссер және сценарист Тенгиз Семёнов (төраға), режиссер және сценарист Галина Леонтьева , "Кино-Сибирь" киностудиясыныӊ басшысы, режиссер Евгений Соломин, киносыншы Валерий Фомин және кинооператор, РФ еӊбек сіӊірген өнер қайраткері Евгений Цигель.

Фестивальдіӊ бас жүлдесін режиссер Татьяна Скабардтыӊ "Последний парад "Беззаветного" фильмі иемденді. Еӊ үздік толықметрлі фильм аталымы "Приходи свободным" (режиссер Ксения Охапкина, Таллин) картинасына берілді, ал үздік қысқаметрлі фильм деп режиссер Анна Каторнинаныӊ (Санкт-Петербург) "Поморские жонки" танылды. Ал көрермендер көзайымы жүлдесі - "Последний вальс" (режиссер Юлия Бобкова, Москва) фильміне берілді. Фестивальдіӊ арнайы жүлдесін "Жизнь с бактериями" (режиссерлері Станислав Ставинов және Андрей Тимощенко, Краснодар) фильмі иемденді. Операторлық шеберлігі марапаты "Приходи свободным" фильмініӊ операторлары Виталий Афанасьев, Максим Дроздов и Ксения Охапкинаға берілді. Сондай-ақ, Ресей кинематографистер одағы және Ресей мемлекеттік кинофотоқұжаттар архиві, Деректі фильмдер қауымдастығы тағайындаған байқаудан тыс жүлдесі "Равная величайшим битвам" деректі киноэпопеясыныӊ шығармашылық тобына берілді.

"13 километр"

Режиссері және сценарий авторы: Владимир Тюлькин

Қоюшы операторы: Юрий Пак

Комозиторы: Ғалымжан Секеев

Режиссер туралы ақпарат:

Тюлькин Владимир Викторович - кинорежиссер, ақын. Тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлығыныӊ лауреаты, КСРО кинематографистер одағыныӊ мүшесі. 1955 жылы 12 ақпанда Семейде туған. 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетініӊ физико-математикалық факультетін тәмамдаған. 1987 жылы Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтын бітірген; 1993 жылы КСРО Мемкино жоғарғы курсын Г.Чухрайдыӊ шеберлігі бойынша бітірген.

В.Тюлькинніӊ шығармашылығында ондаған деректі киносы бар. Фильмдері түрлі халықаралық конофорумдардыӊ жүлдегерлері.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Түсірген деректі фильмдері: "Буду защищаться сам" (КФ, 1987), "Босиком по снегу" (КФ, 1988), "Маленькая Нина" (КФ, 1989), "Учитель и ученик" ("Искусство №2, КФ, 1989), "Клетка" (КФ, 1990), "Повелитель мух" (КФ, 1990), "РЭМ" ("Собачий крематорий", КФ, 1993), "Опыт креста" ("Experimentumcrucis", с Т. Поповпен бірге, ГАЛА-ТВ, 1995), "Ангел-хранитель" (Студия "М-Арт", 1998), "Патетическая симфония (2000), "Про любовь" (2002); "Непокоренная вершина" (2003), "Тату в поднебесной" (2004, док. сериал), "Обреченные выжить" (2005); "Случайный гость" ("Полуночный гость", КФ, 1992) қысқаметражды көркем фильмі және басқа да.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны