07.08.2012, 18:10 4111

1-7 тамыз аралығында дүниежүзі бойынша Емшекпен емізу апталығы өткізілуде - баспасөз баяны

Аталған шараны ЮНИСЕФ 20 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Жалпы, емшекпен емізуді қолдау саясаты жақсы дамыған елдерде 5 жастан төмен 1 миллионға жуық баланың қайтыс болуының алдын алады екен.

1-7 тамыз аралығында дүниежүзі бойынша Емшекпен емізу апталығы өткізілуде. Бұл апталық емшекпен емізудің пайдасы туралы айтуға мүмкіндік береді екен.

Аталған шараны ЮНИСЕФ 20 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Жалпы, емшекпен емізуді қолдау саясаты жақсы дамыған елдерде 5 жастан төмен 1 миллионға жуық баланың қайтыс болуының алдын алады екен.

Lancet журналы тамақтану туралы материалдарында емшек сүтін ембеген балада өз өмірінің бірінші алты айында емшек еметін балаға қарағанда қайтыс болудың 14 есе қауіпі бар екенін атайды.

Емшек сүті баланың барлық тамақтану талаптарына сай және оның өміршеңдігі үшін маңызды фактор болып табылады. Балалардың өмір сүру сапасы - ол ана сүті.

"Емшекпен емізу тек қана балалар, аналар және отбасы үшін ғана емес сондай-ақ үкімет үшін де үнемдеу болып бағалануы тиіс", - дейді ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Энтони Лейк.

6 айға дейінгі балаларды емшекпен емізудің деңгейі мультииндикаторлық кластерлік зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес Қазақстанда 2006 жылы 16,8 % -дан 2010 жылы 31,8% - ға дейін өскен. Сонымен қатар, Қазақстанда балалардың 96,4 % емізілген және 60% астам бала қазіргі уақытта 14 айға дейін емшекпен емізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны