19.07.2019, 20:00 10002

Теміртау қаласында 1987 жылы болған кісі өлтіру оқиғасы анықталды

19.12.1987 жылы Теміртау қаласының Свердлов көшесінде орналасқан мекенжайдың бір пәтерінен 1937 жылы туған ер адамның зорлық белгілерімен өлтірілген мүрдесі табылған.

Теміртау.19 шілде. Kazakhstan Today - АШЫЛҒАН КІСІ ӨЛІМІ

19.12.1987 жылы Теміртау қаласының Свердлов көшесінде орналасқан мекенжайдың бір пәтерінен 1937 жылы туған ер адамның зорлық белгілерімен өлтірілген мүрдесі табылған. Бұл фактіге сол уақыттағы ҚазКСР ҚК 88-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жүргізілген сот- медициналық сараптамаларға сәйкес өлім кеуде тұстың тесіп кесілуі салдарынан өкпенің зақымдануынан туған екен. Оқиға орнынан 10 саусақтың ізі мен күрең түсті қан және 2 "Беломорканал" темексінің қалдығы алынған. Жұмыстан келген әйелі 1931 жылы туған азаматша қанды оқиғаның куәсі болған және түлкі терісі мен пакетте тұрған психотроптық дәрі-дәрмектің жоқ екенін көрген. Ал бұл отбасының көршісі 1963 жылы туған азаматша 19.12.1987 жылы сағат 15.30.-да жәбірленушінің белгісіз бір ер адаммен бірге көтеріліп бара жатқанын көріп қалған. Жәбірленушінің 30 жастар шамасындағы белгісіз бір адаммен бірге жүргенін 1956 жылы туған ер адамда байқап қалған. Осы қылмыстық іс бойынша сараптаманың бірнеше түрі жасалған. Саусақ іздеріне жүргізілген сараптаманың нәтижесінде 5 саусақ ізінің жәрбірленушіге, 2 саусақ ізінің жәбірленушінің әйеліне, ал 2 саусақ ізі мен 1 алақан ізінің бөлігі белгісіз тұлғаға тиесілі екені анықталды. 23.12.2018 жылы қолдың саусақ іздері "Папилон" АДАЖ базасына енгізілді нәтижесінде анықталмаған қолдың саусақ іздері мен алақан бөлігінің ізі 1951 жылы туған Қаз КСР ҚК 132, 101, 202 , 214 - баптары бойынша сотты болған "В" есімді азаматтың саусақ іздеріне сәйкес келетіндігі анықталды. Криминалдық полиция бөлімінің жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстарды ашу бөлімінің тынбай жұмыс істеуінің нәтижесінде бірнеше жыл бойы ашылмай келген қылмыс ашылды. Алайда бұл оқиғаның болғанына көп уақыт өтуіне байланысты Қазақстан Республикасы ҚПК 35-бабы 1-бөлімі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.

КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ ЖОҒАРЫ МАМАН

Ішкі істер органдары қызметінің қатарында жұмыс істеу табандылық пен қайсарлықты талап етеді. Ондағы қызметкерлер өздерінің мойнына жүктелген асқан жауапкершілік пен басына төнген қауіп - қатерді де алып жүреді. Бұл қызметте өз ісіне мығым, білікті де жауапты мамандар ғана жұмыс істей алады. Сондай мамандарымыздың бірі- нәзік жанды қызметкеріміз Зарина Дмумабековна Бейшебекова.

Зарина негізінен көршілес еліміз Қырғыз Республикасының Чуй облысы Сокулук ауданының Камышан ауылында дүниеге келген. Сол ауылдың 11-сыныбын бітіріп, Бишкектің коммерциялық колледжінің заңгер біліктілігі бойынша "Құқықтану" мамандығына оқуға түсіп, оны 1998 жылы ойдағыдай аяқтап, сол жылы алған білімін жетілдіру үшін Бишкек мемлекеттік институтының заңгер біліктілігі бойынша "Құқықтану" мамандығына түскен.

Зарина өзінің еңбек жолын Бишкек қаласының Свердлов АІІБ-ден бастаған. 2007 жылы Қазақстан Республикасына қоныс аударуына байланысты атқарып отырған жұмысынан өз еркімен босатылған. Қазақстанның азаматтығын алған соң Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарына жұмысқа кірген. Онда ол 2007 жылдың тамыз айынан бастап 2012 жылдың сәуір айына дейін Қарағанды облысының ІІД Теміртау қаласының ІІБ Ескіқалалық ПБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі лауазымын атқарған. Ал 2012 жылдың сәуірінен бастап 2016 жылдың желтоқсанына дейін Теміртау қаласының ІІБ ТБ тергеушісі лауазымына ауысқан. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Теміртау қаласының ПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ-ның инспекторы болып жұмыс істейді. Өзінің жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын полиция майоры Зарина тапсырылған барлық істі уақытылы, тыңғылықты тындырып отырады. Өз ортасында сыйлы. Әріптестері арасында беделді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ӘЗЗҚТ инспекторы полиция майоры Заринамен әйелдердің мүддесі мен еркіндігін, құқығын қорғауды қамтамасыз етуде бірқатар іс - шаралар жүзеге асырылды. Мәселен, "Тұрмыс - қадағалау" ЖАІШ-ға қатысып, тұрмыста құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 5 қорғау ұйғарымы шығарылды. Қорғау ұйғарымын бұзғандарға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБК 461-бабы бойынша 13 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Есептік кезеңде Заринамен әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау бойынша 15 баласы бар 15 әйел шағымы тыңдалып, кеңестер берілді. Оның нәтижесінде құжаттандыру және тіркеуге тұру үшін 1 әйел баласымен "Менің үйім" дағдарыс орталығына жіберілді, 3 әйел 6 баласымен әлеуметтік көмек алу үшін, яғни Қарағанды қаласындағы жалданбалы қамқорлыққа алу "Қайсар" ҚҚ-ге жіберілді. Есептегі 6 тұлғамен әңгіме жүргізілді. Қаладағы 4 оқу орнында кездесулер өткізілді. Ішкі істер органдарында қызмет өткерген кезінде атқарған жұмыстарының нәтижелері бағаланбай қалған жоқ. Заринаның осы уақыт ішінде ІІМ, ПД, аланың әкімшілігі тарапынан тапсырылған бірнеше марапаттары, Қазақстан Республикасы ІІО-дағы "Мінсіз қызметі үшін" төсбелгісі, алғыс хаттары мен ақшалай марапаттаулары бар.

Аса жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін ІІО-дағы қызметте Заринаға талмас қанат, қажымас қайрат тілей отырып, әлі де болса алар асуларың көп болсын дегіміз келеді.

ӨЗ ІСІНІҢ МАЙТАЛМАНЫ

23 жыл бойы Ішкі істер органдарында қызмет өткеріп келе жатқан өз ісінің майталманы болған нәзік жанды қызметкеріміздің бірі - Айнагүл Дәкенқызы Қадырқанова. Ол "Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын бітірген. Өзінің еңбек жолын 1996 жылы Металлургиялық бөлімнің мемлекеттік тергеу комитетінің есеп бойынша технигі болып жұмыс істеуден бастаған. Ал 1998-1999 жылдар аралығында Теміртау қаласының ІІБ Шығыс ПБ тергеу бөлімшесі тергеушісінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Одан кейінгі еңбек жолын, яғни 2000-2010 жылдарда медициналық айықтырғыштың полицейі лауазымын атқарған. 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Теміртау қаласының полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобының аға инспекторы лауазымын абыроймен атқаруда. Осы уақыт аралығында өз ісінің қыр-сырын терең меңгерген полиция майоры Айнагүл Дәкенқызы алдына қойған әр істі мүддесіне шыға отырып орындайды. Кез келген мәселені байыбына бара отырып шешеді. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетеді. Ардақты ана. Жауаптылығы мен қиындығы мол жұмысы мен отбасы - ошақ қасы мәселелерін тың жолға қоя білген тұлға.

Әрине аянбай еткен ерен еңбегі еленбей қалған емес. Айнагүлдің осы уақыт аралығында алған марапаттаулары мен мадақтамалары жетіп артылады. Мәселен, ІІМ-нің "Мінсіз қызметі үшін" І,ІІ,ІІІ дәрежелі төсбелгілері, "Қызмет үздігі", ПД мен қала әкімшілігінен алған "Алғыс хаттары" мен "Мақтау қағаздары" бар.

Осындай еңбексүйгіш азаматымыздың алдағы еңбек жолдарына табыс тілей отырып, жауапкершілігі мен қиындығы қатар жүретін жұмыстарында тек табандылық көрсетіп биіктерден көріне берсін дейміз.

ІЗІ СУЫМАЙ АШЫЛҒАН АҚША ҰРЛЫҒЫ

Теміртау қаласының "102" пультіне 23 жастағы қала тұрғыны кешкі сағат 18.30. шамаларында бес қабатты үйдің бесінші қабатында өзінің пәтерінің жанында екі белгісіз тұлғаның күш қолдана отырып, күртешесінің қаласынан ашық түрде 200 000 теңге сомасындағы ақшасын иемденіп алғаны және қашып кеткені жайлы шағымданған.

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 191-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып СДТБТ-ге тіркелді. Оқиға орнына тексеру жүргізілді. Ол жерден саусақтың, алақанның, аяқ киімнің іздері, "ParliamentNight" темекісінің бос қорабы және пышақ алынды.Жауап алу барысында жәбірленушінің дүңгіршектің қожайыны, әрі сатушысы болып жұмыс істейтіні белгілі болған. Өзімен бірге жұмыс істейтін сатушылар жайлы да ақпарат берген. Сол күні ол саудадан түскен ақшаны жиып-теріп үйіне қайтқан. Оны әпкесі мен оның жездесі үйінің алдына дейін алып келіп тастаған екен. Үйіне жедел сатымен көтеріліп, пәтеріне жақындағанда артынан екі белгісіз біреулер соққыға жыққан және күртешесінің қалтасынан ақшасын алып қойып, қашып кеткен. Содан кейін 23 жастағы жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан. Күдіктілер бет перде жамылған. Жәбірленуші осы факті бойынша ешкімнен күдіктенбейтінін айтқан. Бірақ 2018 жылдың қазан айында түннің бір уағында белгісіз біреудің пәтер есігіне кілт салғаны және бұл жөнінде полицияға шағынданбағанын айтқан. Осы факті бойынша Теміртау қаласының ПБ мен Шығыс ПБ КПБ қызметкерлері жедел- іздестіру іс - шараларын жүргізді. Орнатылған бейне камералар тексеріліп, жедел - іздестіру іс -шараларын жүргізудің арқасында 1993 жылы туған екі азамат қолға түсті, Қазақстан Республикасы ҚК 191-бабы, 3-бөлімі бойынша іс қозғалып, қамауға алынды.

Теміртау қаласының ПБ ІжСКТ жетекші маманы Жанаркүл Жауғашарова

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны