Қыркүйек айының 1 жұлдызында аймақтың ең ірі телеарнасы - "SEMEI" телеарнасына 55 жыл толды
Алматы. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қыркүйек айының 1 жұлдызында аймақтың ең ірі телеарнасы - "SEMEI" телеарнасына 55 жыл толды. "SEMEI" телеарнасы осы жылдар аралығында - атауын өзгертуден бастап түрлі жаңғырту процестерін бастан өткерді. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысынан тысқары жерлерде көрермендер аудиториясын едәуір арттыруға мүмкіндік туды.
1965 жылы 1 қыркүйекте Семей телестудиясының алғашқы ресми бағдарламасы көрерменге жол тартты. Бұл Алматы, Қарағанды және Өскеменнен кейінгі республика бойынша төртінші телестудия болды."SEMEI" телеарнасы жыл сайынғы республикалық фестивальдерге, телевизиялық байқауларға қатысу, салалық редакцияларға арналған хабарлар дайындау арқылы Қазақстандағы ең мықты студиялардың қатарына қосылды. Семей телестудиясы алғашқылардың бірі болып бейнемагнитофондар жиынтығын иеленді, өткен ғасырдың 80-жылдарында түрлі-түсті хабар таратуға көшті, студия ішіндегі телевизиялық бірлестіктердің жұмысына шаруашылық есеп тәжірибесін енгізді.
1990 жылдары S-VHS бейнеөндірісіне көшу жүзеге асырылды. Билік және бизнеспен серіктестік 90-шы жылдардың басында "Betacam" бейнетүсіру және монтаждау жабдықтарының жиынтығымен жабдықталған жалғыз аймақтық студия болуға мүмкіндік берді, бұл нарық жағдайына сәйкес жұмыс істеуге ықпал жасады.
Телеарна 55 жыл бойы үздіксіз хабар таратып келеді, тәулік сайын 14 сағаттық қазақ және орыс тілдерінде хабарларын таратуды қамтамасыз етеді.
Қазіргі заман талабына сай әр бағдарламаның стилі мен дизайнын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Телеарнаның эфирінде көрермендер 19 циклдік тақырыптық бағдарламаларды: "Жаңалықтар", "Сәлем, Семей!", "Qala tynysy", "Dialog", "Арнайы репортаж" және осы сынды басқа да бағдарламаларды қазақ және орыс тілдерінде әртүрлі жанрларда тамашалай алады.
Жыл сайын телеарна көрерменге жаңа телевизиялық жобаларды ұсынады. Ағымдағы жылы "Алтын арқау", "Тарихи Семей", "ӨНЕГЕ" жобалары жарыққа шықпақ. Ауқымды техникалық жаңғыртудан кейін телебағдарламалар мен жаңалықтарды жазу FullHD форматында жүргізіледі.Қазіргі таңда "SEMEI" телеарнасының студиялық павильондары толығымен жаңартылды. Техникалық жабдықтау жақсаруда: 4 К форматында жазуға мүмкіндік беретін жаңа камералар, квадрокоптер, "Osmo" стабилизаторы алынды.
Тасымалданатын теледидарлық спутниктік станция (ТТСС) мен кадрлық әлеует Мемлекет басшысының қатысуымен жергілікті және республикалық маңызы бар телеконференцияларды сәтті өткізуге мүмкіндік береді.
2019 жылғы байқаудың қорытындысы бойынша телеарна аймақтық мультиплекске енді, осылайша өз тарихында алғаш рет цифрлық форматта эфирлік хабар таратуды бастады. Қазіргі уақытта телеарна жергілікті "Alma TV", "Семсат ТВ" кабельдік операторларының пакеттерінде, Семей қаласының аумағында 50 км радиуста сандық және аналогтық эфирлік хабар таратады. Ол "ID TV" желісінде де Қазақстан бойынша абоненттерге қолжетімді және semeytv.kz сайтында онлайн көрсетіледі.
Біздің қызметкерлеріміздің еңбектері Қазақстан Республикасы Президентінің, "Қазақстан" РТРК" АҚ Құрмет грамоталарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Семей қаласы әкімінің дипломдарымен және Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық ұйымдарының көптеген алғыс хаттарымен марапатталды.
Танымал әлеуметтік желілерде ресми парақшаларымыз бар. Абоненттердің тұрақты және қарқынды өсуі эфирлік саясаттың өзектілігін көрсетеді.Телеарна тұрақты жетілдіруде, хабар тарату сапасын және арнаның медиа-нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін жақсартуды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

