14.09.2012, 12:00 3283

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 16 млн. 800 мыңнан асып жығылды

"Оның ішінде қалалықтар - 9200,5 мың (54,7 пайыз), ауылдықтар - 7615,1 мың адамды (45,3 пайыз) құрады. 2012 жылдың басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 140,2 мың адамға немесе 0,8 пайызға көбейді",-деп атап өтті агенттік төрағасы.

Астана. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еліміз халқының саны 16815,6 мың адамды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті.

"Оның ішінде қалалықтар - 9200,5 мың (54,7 пайыз), ауылдықтар - 7615,1 мың адамды (45,3 пайыз) құрады. 2012 жылдың басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 140,2 мың адамға немесе 0,8 пайызға көбейді",-деп атап өтті агенттік төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 137,9 мың адамды (2011 жылғы қаңтар-шілдеде 128,6 мың адам) құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1 мың адамға шаққанда 14,1 адамды құрады.

"Ағымдағы жылы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарына 223,6 мың нәресте тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,8 пайызға артық", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны