13.01.2020, 15:21 5852

Қарағанды облысының полицейлері 2000 метрге жуық тор мен 100 келіден астам балық тәркіледі

Қарағанды облысының полицейлері 2000 метрге жуық балық аулау торы мен 100 келіден астам балықты тәркіледі

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының полицейлері 2000 метрге жуық балық аулау торы мен 100 келіден астам балықты тәркіледі.

Ағымдағы жылдың 6 қаңтары сағат 16:30 шамасында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы Ақтоғай ауданындағы Шұбар-түбек кентінде жақын жерден ВАЗ-2105 көлікті тізгіндеген 43 жастағы және УАЗ көлігін басқарған 46 жастағы екі ауыл тұрғындарын ұстады. УАЗ автокөлігінің ішінен 95 келі балық пен 1400 метр қытайлық желі табылды. Сондай-ақ, ВАЗ 2105 автокөлігінің жолаушылар бөлімінде 300 метр қытай торы мен 6 келіден астам балық болған. Ұсталғандар өздерінің торды пайдаланып Балқаш көлінен заңсыз балық аулағандықтарын мойындады.

Аталған факті бойынша ҚРК ӘҚ туралы заңының 383 бабы 3 бөлігі бойынша (заңсыз балық аулау) әкімшілік іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны