30.01.2007, 19:48 3150

2006 жылы Қызылорда облысының мемлекеттік органдарында 4 мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталған - прокуратура

ҚЫЗЫЛОРДА. 30-қаңтар. Kazakhstan Today. Қызылорда облысының мемлекеттік органдарында 4 мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы облыстық прокурордың міндетін атқарушы Марат Тәжіғұлов журналистермен кездесуінде мәлімдеді.

Ол, өткен жылы прокурорлардың мемлекеттік органдарда 896 тексеру жүргізгенін, тексеру нәтижесінде 870 адам тәртіптік жауапқа, 889 адам әкімшілік жауапқа, 394 материалдық жауапқа тартылғандығын, 235 млн теңгеден астам қаржының бюджет қоржынына қайтарылғанын хабарлады. "Тексеру нәтижесінде 54 қылмыстық іс қозғалып, оның 30-ы сотқа жіберілді. Осы істер бойынша 18 адам сотталды",- деді прокурордың міндетін атқарушы.

"Жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың қабылдаған құқықтық актілерінің заңдылығын тексеруге аса назар аударылды",- деп атап өтті М. Тәжіғұлов. Оның мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы прокурор наразылығының негізінде 214 акті заңға сәйкестендірілген. Олардың 3-ін облыс әкімшілігі, 10 - қалалық және аудандық мәслихат, 74 - аудандық әкімшілік, 127 - ауылдық округ әкімшілігі қабылдаған. Сондай-ақ, М. Тәжіғұловтың айтуынша, "16 нормативтік-құқықтық актілер өзгертіліп, күші жойылған, олардың 7-і әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп үлгерген".

М. Тәжіғұловтың ақпараттарына сүйенсек, 2006 жылы прокурордың әсер етуімен 3958 қызылордалықтың құқығы қорғалған. 53 жағдайда кіші және орта бизнес субъектілірінің құқықтары мен заңды мүдделері қорғалған. 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылса, 21 - әкімшілік жауапқа тарлыған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны