15.09.2006, 16:22 3047

2006-жылы Каспийдің қазақстандық бөлігінде ескірген 12 мұнай ұңғысы жойылды

АТЫРАУ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. 2006-жылы Каспийдің қазақстандық бөлігінде ескірген 12 мұнай ұңғысы жойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне берген сұхбатында теңіз және ішкі су қоймаларында мұнай операцияларының қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі Атырау мемлекеттік инспекциясының бастығы Радус Латфуллин хабарлады.

"Егер жою жұмыстары бұдан былай да осындай қарқынмен жүргізіле берсе, онда процесс ұзаққа созылатын түрі бар",- деді ол.

Қазір Каспий теңізінде суға батып кеткен 148 ұңғы бар. 2004-жылы 5 ұңғы, былтыр 7 ұңғы жойылды. Р.Латфуллиннің айтуынша, 2006-жылы "Атыраумұнайгазгеология" АҚ-ның күшімен 12 ұңғы, соның ішінде Тәжіғали кенішінде 6, Пустынное және Шығыс Көкарна кенішінде бір-бір ұңғыдан, Тәжіғали-2 кенішінде 3 ұңғы жойылды.

"Ұңғыны жою - қымбатқа түсетін іс. Оған миллиондаған қаржы, тиісті жабдықтар мен көп күш қажет. Ауқымды жұмыстарды бір ғана компанияның күшімен атқарып шығу мүмкін емес",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны