12.01.2007, 18:43 3079

2007 жылы Шымкенттегі көне қаланы консервациялауға 7 млн. теңге бөлінеді

ШЫМКЕНТ. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. 2007 жылы Шымкенттегі көне қаланы консервациялауға 7 млн. теңге бөлінеді, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының бас маманы Александр Грищенко.

"Біз өткен жылы қазып алынған алты казарма мен 40 метрлік бекініс қабырғаларын консервацияладық. 2006 жылғы қаржы 5 млн. 130 мың теңгені құрады",- деді А. Грищенко.

Кеше қалалық әкімшілікте көне қалаларды консервациялау проблемалары жөніндегі кеңес өтті. Оның қорытындысы бойынша әкім орынбасары Керімхан Қадырбековтің төрағалығымен қорғаудағы көне қалалар қорығын құру туралы мәселені қарастыратын жұмыс тобын құруға шешім қабылданды. "Қалпына келтіру жұмыстарының нысандары иесіз болып қалады", - деп түсіндірді А. Грищенко. - Кәсіпкерлер өз аумағын кеңейту үшін бөктерлерді құлатады. Бөктерлер құлап, ертеңгі күні біздің барлық консервациялаған қабырғаларымыз құлап қалады".

Шымкент көне қалалары қаланың оңтүстік бөлігінде, автовокзалдың жанында, Бадам және Қошқар ата өзендерінің арасындағы төбешікте орналасқан. Археологиялық мәліметтерге сүйенсек, бұл жердегі ең ежелгі қоныс шамамен 2 мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі көне қала (автовокзал салу барысында оның оңтүстік жағы бұзылған) жалпы алғанда орта ғасырылық бекініс топографиясын сақтайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны