27.02.2008, 10:39 1636

2008-2012 жылдарда Өскемен және Бұқтырма шлюздерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр - ҚР көлік және коммуникацияминистрлігі

2008-2012 жылдарда Өскемен және Бұқтырма шлюздерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр - ҚР көлік және коммуникацияминистрлігі

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2008-2012 жылдарға арналған Кеме жүзу ісін дамыту және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде Өскемен және Бұқтырма шлюздерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы "Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының, Моңғолияның және Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарының көліктік инфрақұрылымын дамыту" тақырыбы бойынша кеше Астанада өткен мен халықаралық форумда ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарладйы агенттік тілшісі.

"2008-2012 жылдарға арналған Кеме жүзу ісін дамыту және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде Өскемен және Бұқтырма шлюздерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жобаның техникалық экономикалық негіздемесі дайындалды",- делінген баспасөз баянында.

"Дөңгелек үстел" түрінде өткен форумның барысында ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек көлік-коммуникация кешенінің басым бағыттары мен болашағы жайында сөз өрбітіп, кейін Шығыс Қазақстан облысының инфрақұрылымын дамыту мәселесіне кеңінен тоқталды.

Шығыс Қазақстан облысының ірі өндіріс және жүк шоғырланған аймақ ретінде көліктік инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда маңызы зор. Осыған орай, 2007 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі және ШҚО арасында Өзара тиімді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы алғаш салынған "Ақсу-Дегелен" темір жолы да Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Бұл жобаның маңыздылығы - егеменді Қазақстанның ұлттық темір жол жүйесінің осы жобадан басталуында.

Сонымен қатар, еліміздегі тұңғыш инфрақұрылымдық концессиялық жоба да осы облыста басталды. Ол - "Шар - Өскемен" жаңа темр жол желісінің құрылысы. Бұл бағыт Рудный Алай өңірінің ірі темір жол торабын ең қысқа жол арқылы "Түрксіб" транзиттік магистралімен байланыстырады.

Өз баяндамасында Ж.Қасымбек автомобиль жолдары саласының даму болашағы туралы да айтып өтті. Бұл салада жолдарды қайта салу және жөндеу бағытында қыруар жұмыстар атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, вице-министр азаматтық авиация саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен осы саланың дамуы туралы мәселелерге де арнайы тоқталып өтті. 2008-2010 жылдары Өскемен қаласының, 2011-2013 жылдары Семей қаласының әуежайларының жер беті инфрақұрылымын қайта салу жоспарлануда. Қаржыландырылатын әуе маршруттарына келер болсақ, 2007 жылы Астана-Семей-Астана және Астана-Өскемен-Астана бағыттары бойынша әлеуметтік ұшулар жүзеге асырылды. Бағдарламаның тиімділігін арттыру және тұрақты жолаушылар ағымының қалыптасуына орай Астана-Өскемен-Астана бағдарғысы коммерциялық ұшулардың қатарына енгізілді.

2007 жылдың қарашасында алғашқы облысаралық Қарағанды-Өскемен бағыты бойынша ұшулар ашылды.

Ал, 2007 жылғы шілдеден бастап Шығыс Қазақстан облысында жергілікті әуе желілерін жаңғырту бойынша тың жоба жүзеге асырыла бастады. Облыс орталығы шеткері аймақтарда орналасқан Аягөз, Үржар, Зайсан, Қатон, Күршім аудандарымен байланыстырылды. Қазіргі таңда бұл елді-мекендерге Ан-24 және Ан-2 ұшақтары тұрақты әуе ұшуларын жүзеге асыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны