17.01.2008, 11:54 1777

2008 жылдың соңында Астанада "Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы дамысқа жету" атты халықаралық форумы өтеді

2008 жылдың соңында Астанада "Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы дамысқа жету" атты халықаралық форумы өтеді

Астана. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың соңында Астанада басты мақсаты мұсылман әлемі мен Батыс арасындағы өзара оң ықпалдастықты қалыптастыру және нығайту болып табылатын "Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы дамысқа жету" атты халықаралық министрлер форумын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Қазыханов Мадрид қаласында өткен Өркениеттер альянсының форумында сөз сөйлей тұрып, "2008 жылдың аяғында басты мақсаты мұсылман әлемі мен Батыс арасындағы өзара оң ықпалдастықты қалыптастыру және нығайту болып табылатын "Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы дамысқа жету" атты халықаралық министрлер форумын өткізу жоспарланып отырғанын" хабарлаған.

Е. Қазыханов Альянс достары тобына мүше елдерді Өркениеттер альянсының негізгі мақсаттарына толығымен сай келетін Қазақстанның бұл бастамасын қолдауға шақырды. Сондай-ақ, баяндамада Қазақстанның мәдениеттер арасындағы диалогты кеңейту мен дамытуға қосқан маңызды үлесі атап көрсетілді. Осыған байланысты БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы желтоқсанда бір ауыздан қабылдаған Қазақстанның 2010 жылды "Халықаралық мәдениеттердің жақындасу жылы" деп атау туралы игі бастамасы форумда қолдау тапты.

2003 жылдан бастап Қазақстан бірнеше халықаралық мәдениет аралық және дін аралық диалогтардың өткізілу орны болды. Оның ішінде Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ерекше орынға лайық. Осы себепті Қазақстан 2009 жылғы кезекті съезін БҰҰ аясында өткізуді ұсынды.

Қазақстан БҰҰ аясында құрылған және 80-нен астам елдер мен халықаралық ұйымдар кіретін Өркениеттер альянсы достарының белсенді мүшесі болып табылады.

Мадридте 15-қаңтарда БҰҰ аясында дамуға қол жеткізген Өркениеттер альянсының алғашқы форумы жұмысын бастаған болатын. Өркениеттер альянсының басты идеясы мәдениеттер мен өркениеттер арасында өзара түсіністікті дамыту болып табылады. Форум жұмысына 350 делегат қатысуда. Олардың арасында 63 елдің атынан келіп отырған мемлекет, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері, іскерлік және діни орталардың, ғылыми орталықтардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері бар. Мадридтегі форум Жер шарында бейбітшілік пен тұрақтылық орнауы үшін Өркениеттер альянсының идеяларын одан әрі қарай дамыту бойынша маңызды шешімдерді қабылдауды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны