28.08.2009, 17:35 2857

2009 жылдың қыркүйек айында "Рахат" телеарнасы СТВ деген жаңа атаумен хабар тарата бастайды

2009 жылдың қыркүйек айында "Рахат" телеарнасы СТВ деген жаңа атаумен хабар тарата бастайды

Астана. 28 тамыз. Kazakhstan Today - 2009 жылдың қыркүйек айында "Рахат" телеарнасы СТВ деген жаңа атаумен хабарлар тарата бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today телеарнаның хабарламасына сілтеме жасап.

"Бүгін біз өзімізді Қазақстанның жаңа астанасымен сабақтастырамыз, онда ел өміріндегі басты мәселелер шешімін табады, және біздің басты кеңсеміз де сонда орын тепкен. Сол себепті СТВ - астаналық (орысша - столичное) телевидение дегенді білдіреді", - деп хабарлайды СТВ арнасындағылар.

"Сондай-ақ, СТВ аббревиатурасы телекөрермендердің басым бөлігі үшін отбасылық телевидение, жарық пен күнге шақыратын, оптимизммен қаруландыратын (аталған сөздердің барлығының орысшасы С әрпімен басталады) жарқын телеарна ретінде қабылдауға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды телеарна.

Ондағылардың хабарлауынша, атауды өзгеруі - телеарнаның форматын, хабар тарату кестесі мен жалпы арна тұжырымдамасын қайта құруға жасалған алғашқы қадам болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны