31.05.2010, 18:14 12504

2011-2015 жылдарға арналған "Салауатты Қазақстан" атты мемлекеттік бағдарламаның жобасын іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 552,3 млрд теңге жоспарланған

2011-2015 жылдарға арналған "Салауатты Қазақстан" атты мемлекеттік бағдарламаның жобасын іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 552,3 млрд теңге жоспарланған

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - 2011-2015 жылдарға арналған "Салауатты Қазақстан" атты мемлекеттік бағдарламаның жобасын іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 552,3 млрд теңге жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Денсаулық сақтау ісін дамытудың "Салауатты Қазақстан" атты 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы туралы" мәселелері талқылау бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Сондай-ақ кеңес жұмысына мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, республика өңірлерінің, облыс денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және еліміздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру. Бұл, өз кезегінде, бірқатар бағыттарды іске асыруды көздейді. Бұлар: азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдарды арттыру; профилактикалық іс-шараларды, скринигтік зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік елеулі аурулардың диагностикасы, емдеу және оңалту тәсілдерін жетілдіру; санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру. Бұған қоса Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру; медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру; медицинадағы инновациялық технологияларды дамыту және енгізу, халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігін және сапасын арттыру жоспарланған. Мемлекеттік бағдарламаны 2011-2015 жылдарда іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 552,3 млрд теңге жоспарланған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, халық үшін күтілетін тиімділіктер мыналар: әрбір азамат үшін дәрігерді, стационарды және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі; Ирбір азаматтың отбасылық дәрігер мен мейірбикеге қолжетімділігі кеңінен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ жүрек, тамырлар аурулары болған жағдайда облыс орталығында операция жасауға, және де ұршық буындар мен тізе буындарды протездеуге мүмкіндігі болады; Илеуметтік қызметкерлер институтын енгізу негізінде медициналық -әлеуметтік проблемаларды (гигиена, тамақтану, аурулардың алдын алу және т.б) шешуге назар аударылады; Дәрі-дәрмектерді жеңілдікпен беру және олардың монетизациялануы қамтамасыз етіледі; Қауіпсіз дәрі-дәрмектермен 100% қамтамасыз етіледі (жалған дәрілер мүлдем шығарылады); Ұлттық скриниг бағдарламасы шеңберінде толық профилактикалық тексеруден (қантты диабет, қаназдық, онкологиялық аурулар және т.б) тегін өтуге мүмкіндік болады; Пневмококты жұқпаға қарсы жаппай, соның ішінде балаларға вакцинация жүргізу қамтамасыз етіледі; Ирбір үй аумағында спортпен айналысуға арналған алаңшалар жасалатын болады; Ауылдағы халықтың уақтылы медициналық көмек алуына мүмкіндік беретін ұтқыр медицина құрылып, санитарлық авиация күшейтілетін болады; Ийелдердің бала күтімі бойынша жәрдемақылары көбейтіледі ("аналар капиталы"); Нутриенттермен, тағам өнімдерінің теңдестігін: ұнның фортификациясы, тұзды йодтау және тағы басқа да мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі; пациенттердің құқығын қорғау институты қалыптастырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны