10.02.2012, 16:06 3973

2011 жылғы желтоқсандағы қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 119144 теңгені құрды

2011 жылғы желтоқсандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 119144 теңгені құрап, өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 22,5 пайызға, нақты көріністе 14,1 пайызға өскен.

Астана. 10-ақпан. Kazakhstan Today - 2011 жылғы желтоқсандағы қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 119144 теңгені құрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылғы желтоқсандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 119144 теңгені құрап, өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 22,5 пайызға, нақты көріністе 14,1 пайызға өскен.

"Салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 241,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), қаржы және сақтандыру қызметінде - 238,8 мың теңге (2,0 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 234,8 мың теңге, (2,0 есе) сақталуда. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерінде белгіленді - 55,7 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 53,2%-ға төмен", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Агенттік мәліметтеріне сәйкес, өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - 220,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 77,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,0%-ға төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны