09.02.2012, 12:18 3693

2012 жылы Астанада 3 жаңа медициналық нысан тапсырылады

Астанада күніне шамамен 45 нәресте дүние есігін ашады. Ал бір жылда 16 мыңнан астам шақалақ өмірге келеді. Қалалық клиникаларда 130-ға жуық аса ауыр ота жасалып тұрады.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылы Астанада 3 жаңа медициналық нысан тапсырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тұрғындармен есептік кездесуінде мәлім етті.

Икімнің айтуынша, Астанада күніне шамамен 45 нәресте дүние есігін ашады. Ал бір жылда 16 мыңнан астам шақалақ өмірге келеді. Қалалық клиникаларда 130-ға жуық аса ауыр ота жасалып тұрады.

"Бұның барлығы жаңа медициналық мекемелерді салып, жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алудың және жоғары білікті мамандарды тартудың есебінен қол жеткізіліп отырған жетістік. Соңғы 3 жыл ішінде қалада 10 емдеу мекемесі салынды", - деді қала басшысы.

Осы жылы тағы 3 медициналық нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. 2012 жылдың 2-тоқсанында Оңтүстік-шығыс шағын ауданында Амбулаторлық-емханалық кешеннің құрылысы бітпек. Сондай-ақ биыл 250 орынға арналған балаларға арналған қалалық инфекциялық аурухана мен 350 орындық балаларға арналған көппрофильді қалалық аурухана пайдалануға беріледі.

"Аталған нысандарды пайдалануға бергеннен кейін, біз стационарлық мекемелер бойынша нормативтік көрсеткіштерге жақындаймыз", - деді И. Тасмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны