23.02.2012, 12:19 3103

2012 жылы Астананы дамытуға бюджеттен қосымша 25,3 млрд. теңге бөлінеді

Елордаға қарастырылған қаражат негізінен жылу желілерін реконструкциялау мен кеңейтуге, қала көшелерін жаңартуға және абаттандыруға, денсаулық сақтау және білім беру нысандарының инженерлік желілерін салуға арналады. Бұдан бөлек, Тәуелсіздік сарайын материалдық-техникалық жабдықтауға, велотректі салу бойынша міндеттемелерді төлеуге арналған шығыстар да биылғы бюджеттен қарастырылады.

Астана. 23-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылы Астананы дамытуға бюджеттен қосымша 25,3 млрд. теңге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, елордаға қарастырылған қаражат негізінен жылу желілерін реконструкциялау мен кеңейтуге, қала көшелерін жаңартуға және абаттандыруға, денсаулық сақтау және білім беру нысандарының инженерлік желілерін салуға арналады. Бұдан бөлек, Тәуелсіздік сарайын материалдық-техникалық жабдықтауға, велотректі салу бойынша міндеттемелерді төлеуге арналған шығыстар да биылғы бюджеттен қарастырылады.

Сонымен қатар, Алматы қаласын дамытуға 15 млрд. теңге, ал Ақмола облысына 2,4 млрд. теңге бөлінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны