18.02.2013, 13:46 3251

2012 жылы ауыл халқы үшін 86 денсаулық сақтау мекемесі салынған

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылы ауыл халқы үшін 86 денсаулық сақтау мекемесі салынған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

"Шалғайдағы елді мекендердің барлығына озық медициналық технологияны жеткізе беру мүмкін емес. Сондықтан, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына орай, ауыл тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтуда жылжымалы медициналық кешендер мен пойыздарды іске қосуға басымдық беріліп отыр. Мысалы, өткен жылы медициналық пойыздарға 600 мыңға тарта халық келіп, қаралған",- дей келе министр ауыл халқын медициналық пойыздарға қаратып қоймау үшін денсаулық сақтау нысандары салынып жатқанын да айтты.

"Бұл шаралардан бөлек былтыр ауыл халқы үшін 86 денсаулық сақтау мекемесі салынған", - деді С.Қайырбекова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны