14.03.2012, 10:16 3385

2012 жылы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы арқылы 64 мың адам оқудан өтеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды, жұмыссыз және әлеуметтік аз қамтылған халықты оқытып, жұмысқа орналасуға көмектесетін бірінші бағыт бойынша 64 мыңнан астам адам кәсіби біліммен қамтылады.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - 2012 жылы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы арқылы 64 мың адам оқудан өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды, жұмыссыз және әлеуметтік аз қамтылған халықты оқытып, жұмысқа орналасуға көмектесетін бірінші бағыт бойынша 64 мыңнан астам адам кәсіби біліммен қамтылады.

Айта кетерлігі, халықты жұмыспен қамту тетіктерін жетілдіру үшін Бағдарламаға бірқатар өзгертулер мен қосымшалар енгізілуде.

Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларының жүріп-тұруына кететін шығын мен шәкіртақыны оқуға берілетін материалдық көмек түрінде бір төлемге біріктіру, жалдамалы жұмысшыларға да қайта даярлықтан өтіп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беру, әлеуметтік жұмыс орындарына келісімшарт жасау үшін жұмыс беруішілер тізімін анықтау құқығын Жұмыспен қамту орталықтарына тапсыру көзделуде.

Халықты жұмыспен қамту саласында белсенді саясат жүргізу ҚР Үкіметі қызметінің әлеуметтік басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту - бұл халықты әлеуметтік қорғаудың негізі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны