16.02.2007, 17:09 3016

2012-жылы бас пәтері Астанада орналасатын халықаралық экологиялық ұйым құру межеленген

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. 2012-жылы бас пәтері Астанада орналасатын халықаралық экологиялық ұйым құру межеленген. Бұл туралы бүгін еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов сенат депататтарына Қазақстан Республикасын тұрақты дамуға көшіру жөніндегі 2007-2024-жылдарға арналған тұжырымдаманы таныстыру барысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз бас пәтері Астанада орналасатын халықаралық экологиялық ұйым құруға күш салатын боламыз. Оның ашылуын Астанада 2012-жылы өтетін тұрақты даму жөніндегі саммитке арнау орынды болар еді",- деді Н.Ысқақов.

Сонымен бірге министрдің пікірінше, алдағы саммит барысында "Қазақстанда халықаралық тұрақты даму даму аймағын құру туралы декларацияға қол қою мүмкіндігі бар".

Еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі бұған қоса сыртқы істер министрлігінің 2008 және 2010-жылдарда Еуропа, Азия және Тынық мұхиты аймағының экология министрлерінің кеңестерін өткізу жөніндегі бастаманы қолдағанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны