13.10.2006, 12:40 3155

2012-жылы Қазақстанда ғылымды қаржыландыру ауқымы Жалпы ішкі өнімнің 5 процентінен асады - мемлекет басшысы

АЛМАТЫ. 13-қазан. Kazakhstan Today. 2012-жылы Қазақстанда ғылымды қаржыландыру ауқымы Жалпы ішкі өнімнің 5 процентінен асады, деп хабарлады бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біз еліміздің ғылыми-техникалық саласын басқару жүйесін реформалауға кірісеміз.. Реформаларды жүзеге асыру үшін ғылымды дамыту жөніндегі 2007-2012-жылдарға арналған арнаулы мемлекеттік бағдарлама қабылданады",- деді президент Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық жиынында.

"Ғылымды дамыту алдағы жылдарда ірі көлемде қаржы құюды талап етеді. Біз бұл саланы қаржыландыру көлемін біршама арттыруға кірісеміз. Жалпы алғанда біз ғылымды қаржыландыру көлемін осы мерзімде 25 есе ұлғайту мақсатын алға қойып отырмыз. 2012-жылы ғылымға жыл сайын бөлінетін қаржы 350 млрд. теңгеге жетеді. Бұл - Жалпы ішкі өнімнің 5 процентінен асады",- деді президент. "Илемдегі бір де ел жыл сайын осыншама қаржы бөліп көрген жоқ. Тіпті АҚШ-тың өзі",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны