12.12.2013, 18:54 3027

2013 жылдың 11 айы бойынша Бас прокуратура миллионнан артық арыз-шағымды қарастырды

Статистика көрсетіп отырғандай, соңғы бес жыл ішінде прокуратура органдарына түсетін өтініш-шағымдар санының тұрақты өсуі сақталып отыр. Мәселен, 2008 жылмен салыстырғанда олардың саны үштен бірге өсті.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР-да ағымдағы жылдың 11 айы бойынша Бас прокуратура миллионнан артық арыз-шағымды қарастырды, деп бүгін Бас прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

"Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" Стратегиясы" халыққа Жолдауында ең негізгі бағыттардың бірі құқық қорғау органдарының қоғам алдынада беделі мен сенімділігін арттыруы тілге тиек етілген. Тұрақты шешім алу бұл конституциялық құқыққа ғана емес, мемлекеттік органдардың арасында қарым-қатынасты орнатуға да үлкен септігін тигізеді. Прокуратура органдарының ең құзырлы міндеттерінің бірі жеке және заңды тұлғаларға заманауи көмек көрсету", - деді Бас прокурор.

"Статистика көрсетіп отырғандай, соңғы бес жыл ішінде прокуратура органдарына түсетін өтініш-шағымдар санының тұрақты өсуі сақталып отыр. Мәселен, 2008 жылмен салыстырғанда олардың саны үштен бірге өсті. Біз мұны халықтың прокуратура органдарына сенімі деп білеміз. Өтініш-шағымдардың көп бөлігі Бас прокуратураның өзіне келіп түседі", - деді Бас прокурор.

"Прокуратура органдарына арыз-шағымдар азаматтар мен ұйымдардан ғана түспейді. Биылғы жылы Бас прокуратураға 4 мыңнан астам өтініш Президент Икімшілігінен, 1,5 мыңнан астам арыз Парламент палаталарының депутаттары мен лауазымды тұлғаларынан, 360 мыңнан астам шағым "Нұр Отан" партиясынан және 200 мыңнан астам арыз-шағым адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтан келіп түсті", - деп хабарлады қоғамдық кеңес отырысында Асхат Дауылбаев.

Оның хабарлауынша, 2013 жылы прокуратура органдарына келіп түскен арыз-шағымдардың саны 28 мыңға жуықтаған.

"Олардың көп бөлігі, 41 пайыздан астамы бұл анықтау және тергеу органдарының әрекеті мен әрекетсіздігіне байланысты түскен арыз-шағымдар. 30 пайызға жуығын әлеуметтік-экономикалық саладағы мемлекеттік органдардың әрекетіне қатысты түскен өтініш-шағымдар құрайды. 15 пайызға жуығы сот актілеріне қатысты, 11 пайызы олардың орындалмауына байланысты жасалды", - деп хабарлады А.Дауылбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны